Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың алаяқтар рәсімдеген несиелері кешіріле ме – Қаржы нарығын реттеу агенттігі жауап берді

Фото: acandco.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несие рәсімделген азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнама тұрғысынан қатаңдатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік шаралар қабылдап, жалған несие рәсімделген азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық түрде күшейтті:

  • 2024 жылы 20 тамыздан бастап кредиторлардың алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұру міндеті енгізілді;
  • жалған кредиттер бойынша клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тоқтатылады;
  • 2024 жылы 1 қыркүйектен бастап кредиторлардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде азаматтардың заңсыз ресімделген кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті енгізілді ("Стоп-кредит" қызметі).

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таратылып жатқан "алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер есептен шығарылады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Агенттік азаматтарға ресми дереккөздерге ғана сенуге кеңес берді.

Қазір қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында депутаттық корпус қаржылық алаяқтық фактілерін азайтуға бағытталған қосымша заңнамалық өзгерістерді ұсынып отыр. Түзетулер онлайн қарыздарды рәсімдеу кезінде 24 сағаттық "салқындату кезеңін" енгізуді көздейді. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредитті алғаш рет рәсімдейтін азаматтармен олардың кредитор бөлімшесіне жеке келмей-ақ қарыз шартына қол қоюына тыйым салуды көздейді.

Жекелеген азаматтар санатымен тұтынушылық кредит шарты тек олардың келісімі алынғаннан кейін ғана жасалуға тиіс деген талап енгізу мәселесі қаралып жатыр. 

Ұлттық Банктің Антифрод-орталығының қызметін күшейту мақсатында оған ұялы байланыс операторлары, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қосылады. Бұл алаяқтық нөмірлер мен транзакцияларды жылдам анықтау және бұғаттау үшін ақпарат алмасуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Антифрод-орталықтың "қара" тізіміне енгізілген тұлғалар үшін қаржылық қызметтерге қолжетімділік шектеледі. 

Ұялы байланыс саласында SIM-карталар санына шектеу қою, абоненттерді міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру және SIM-бокстарға бақылауды күшейту шаралары енгізіледі.   

Бұл түзетулер қазір парламент сенатының қарауындағы Қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заң жобасына енгізілген.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 21 Мамыр, 2025 10:33
Талқылау