Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған курьерлер хабарлама жолдайды: Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түріне қатысты ескерту жасалды

Фото: pixabay.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жаңа алаяқтық жайлы ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шетелдік дереккөздердің ақпараты бойынша алаяқтар жаппай мессенджерлер мен SMS арқылы "жіберіп алған жеткізілім" туралы жалған хабарламалар жібереді.

“Бір қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты хабарламаларын еске салады. Мәтінде курьердің сәлемдемені тапсыра алмағаны және жеткізілімді қайта ресімдеу үшін арнайы параққа көшуді ұсынатыны көрсетіледі. Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми ресурстарын толығымен еліктейтін жалған сайтқа апарады. Пайдаланушыға жеке мәліметтерін - Т.А.Ә., ЖСН, тұрғылықты мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімді қайта жеткізу үшін аз соманы төлеу ұсынылады”, – делінген хабарламада. 

Тиісті ақпаратты енгізіп, төлем жасағаннан кейін қылмыскерлер құпия деректер мен банк деректеріне қол жеткізеді. Осы арқылы қаржыны иемденіп қоймай, жеке деректерді қылмыстық схемаларда әрі қарай пайдалануға да әкелуі мүмкін.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын сақтау қажет:

  • егер Сіз жеткізілімді күтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS хабарлардан сілтемелер арқылы өтпеу;
  • сайт мекенжайын мұқият тексеру - алаяқтық ресурстар көбінесе бір немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді;
  • күдікті ресурстарға құпия және банктік ақпаратты енгізбеу;
  • жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық компаниялардың ресми сайттары мен қосымшалары арқылы ғана тексеру;
  • күдікті хабарламаларды алған кезде оларды елемеу және бұғаттау.

Аферистер азаматтардың сенімділігін және жеткізілім туралы хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. Сондықтан да мұндай схемалар шапшаң таралып, әркімге әсер етуі мүмкін.

Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 10:45