Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр Саран қаласының жылу беру маусымына дайын екенін хабарлаған шенеуніктерді жазалайтынын айтты

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Саран қаласының жылу беру маусымына дайындығын мәлімдеген барлық шенеуніктерді жауапқа тартуға уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: yahoo.com

Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғындары 13 қазанда жылусыз қалды. Ал сыртта ауа температурасы 0 градус болған. Бұдан кейін әкімдік қаланың жаңа орталық қазандығында технологиялық ақау барын хабарлады.
Олжас Бектенов болған оқиғаға бірінші кезекте қала әкімі жауапты екенін мәлімдеді.



"Менің тапсырмам бойынша тексерулер басталды. Нысанның жылу беру маусымына дайындығы туралы жалған ақпарат бергендер жауапқа тартылады. Үкімет отырысынан кейін Энергетика министрі Саранға барып тексереді. Қорытындысы бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданады. Қылмыс анықталған жағдайда барлық кінәлілер жауапқа тартылады", – деді Бектенов. 

Айта кетейік, бұған дейін жылуға артық төлеген қазақстандықтарға 770 миллион теңге қайтарылатыны туралы жазған едік. 

Талқылау