Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалақысын төмендетіп, 20 мың теңге төлейді": Қазақстанда алименттерді есептеу тәртібін өзгерту ұсынылды

Қазақстанда алименттерді есептеу тәртібін өзгерту ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Сенат отырысында депутат Жанна Асанова қазіргі уақытта алимент мөлшері ата-ананың жалақысының төрттен бір бөлігін құрайтынын, бұл алимент мөлшері балаларға лайықты өмір сүру жағдайын жасауға жете бермейтінін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, іс жүзінде кейбір ата-аналар құжаттарда ең төменгі жалақыны көрсетуді сұрап, бір балаға айына 20 мың теңге аударып отырады. Осыған байланысты депутат Қазақстанда алимент мөлшерін есептеудің икемді әрі әділ тәртібін енгізуді ұсынды.


"Екі балаға 126 мың теңге": Әйелімен ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген алимент сомасын азайтуға арыз жазған


"Балалардың санын және олардың нақты қажеттіліктерін ескеруіміз керек. Сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайларды ескере отырып, жас және әлеуметтік факторларға байланысты балалардың негізгі қажеттіліктерін талдауымыз, алимент төлемдерін төмендетпеуі үшін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған алимент төлеушілердің табыстарды жасыру фактілерін анықтау механизмін әзірлеу қажет", – деді Жанна Асанова.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатқаны туралы жазған едік.

Талқылау