Жалақыны көтеруді талап етті: Маңғыстау облысында мұнайшылардың ереуілі заңсыз деп танылды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының соты Phystech II мұнай-газ компаниясы қызметкерлерінің ереуілін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмысшылардың наразылық акциялары 15 желтоқсаннан бері жалғасуда. Олар жалақыны екі есе арттыруды талап етеді.
Ереуілшілер 6 желтоқсандағы еңбек арбитражының шешімдерін орындамай, еңбек кодексін бұзды деп танылды. Сондай-ақ сот акцияларға тыйым салынған маңызды өндірістік нысанда заңсыз ереуіл жасағандарын атап өтті.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, оған шағымдануға болады. Алайда олар акцияны тоқтатуға ниетті емес.
"Күннің суығына қарамастан , сегізінші күн тұрмыз. Басшылық бізді тыңдағысы келмейді, талаптарымыз еленбейді. Әкімдіктен ешкім де келген жоқ. Биліктің еңбек дауы бойынша сұрағымызды тыңдап, шешкенін қалаймыз", – деді ереуілге қатысушылардың бірі.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде