Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға екі қылмыстық іс бойынша айып тағылды

Бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Егер ол өз көрсетулерінен бас тартпаса, сот шешімі 10 күн ішінде шығарылуы мүмкін.
Сот кабинеті жариялаған ақпаратқа сәйкес, Жақсылық Омарға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша — ірі көлемде алаяқтық жасау және ірі көлемде пара алу айыптары тағылған. Бірінші сот тыңдауы 19 наурызға белгіленді.
Атап айтқанда, бұл Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімінің 1 және 2-тармақтары, сондай-ақ 366-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы. Қазір ол қамауда отыр.
Жақсылық Омардың ұсталғаны 2025 жылдың 13 ақпанында белгілі болды. Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растаған еді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Өскемендіктермен соттасқан экс-әкім Жақсылық Омар ШҚО әкімінің орынбасары болды
Бұған дейін Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін 2018 жылдың тамызынан 2024 жылдың қарашасына дейін атқарған. Қызметінен кеткен соң ол облыс әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
2024 жылғы 20 қарашада Өскемен тұрғындары әлеуметтік желіде қаланы қалың тұман басқаны көрсетілген видео жариялады. Кейін облыстық экология департаменті ауадағы хлор сутек газы мөлшері қауіпсіз деңгейден тоғыз есе жоғары болғанын анықтады. Осыдан кейін бір апта өткен соң Жақсылық Омар қызметінен кетті. Облыс әкімдігі оның отставкасы ауа ластануымен байланысты емес, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты болғанын мәлімдеді.
2025 жылдың наурызында Өскемен соты қала тұрғынының талап-арызы бойынша істі қарап, 2024 жылдың қарашасында хлор сутек газының айтарлықтай жоғарылағаны туралы халыққа ескерту жасалмағанын заңсыз әрекетсіздік деп таныды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған