"Жақыннан көргенге не жетсін?!": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің тұтынған заттарын көрсетті

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың тұтынған заттарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылына марқұм жолдасына арналған іс-шараға қатысып қайтты.
“Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты. Соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!" – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Одан кейін, халық әртісі болашақта саясаткердің заттарын тиісті мәдени орындарға тапсыруды жөн санап отыр.
“Өз үйімдегі қалған заттарын Алматыдағы бірнеше музейлер сұрап жатыр, сол музейлерге табыстаймын. Көзбен көргенге не жетсін?!” – деп жазды әнші.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды