Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жақында үшінші әйел аламын”: Жалғас Жұмағұлов ММА жұлдызы

ММАФото:Getty images

Танымал қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов жақын арада үшінші әйел алуды жоспарлап жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшының қазіргі таңда екі әйелінен алты баласы бар. Бірақ ол мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

"Енді ғана бастап жатырмын. Жақында үшінші әйел аламын", – деді ол күліп Home of Fight Youtube арнасына берген сұхбатында.

Журналистің бұл сөзінің қалжың не шын екенін нақтылаған сауалына Жұмағұлов расымен үшінші әйел алуға ниетті екенін жасырмады. Айта кету керек, бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде ол екі әйелі мен алты баласы бар екенін айтқан.

"Әрине, отбасынан біраз уақыт алшақта жүру қиын. Әйелдерімнен кету… Иә, менің екі әйелім бар, алты балам бар. Алғашында қиындықтар болды, қазір бәрі жақсы", – деді спортшы.

Сондай-ақ ол үшінші әйел алуға қазіргі екі әйелі де қарсы емес екенін атап өтті.

Айта кетейік, 37 жастағы Жалғас Жұмағұлов – Oktagon MMA лигасының аса жеңіл салмақтағы чемпионы.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 25 Желтоқсан, 2025 18:25