Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаһандық жылыну 2025 жылы да рекордтық көрсеткішке жетті – Ғалымдар

Ғалымдар рекордық жылынуды айтып дабыл қағуда

Фото: EPA

Биылғы қыс өткен жылғы абсолютті рекордтан кейінгі тарихтағы екінші ең ыстық жыл болмақ. Ғалымдар Жердің климаттық апатқа жақындағанын айтып дабыл қағуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

2023–2025 жылдарды қамтитын үш жылдық орташа жаһандық температура алғаш рет индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда +1,5°C-тан асып отыр. Бұл межені асырмауға әлем елдерінің басым бөлігі 2015 жылы қабылданған Париж келісімі аясында уағдаласқан болатын.

Алайда содан бері климат жағдайы бұрынғыдан да нашарлады. БҰҰ деректеріне сүйенсек, 2015–2025 жылдар аралығындағы соңғы 11 жыл түгелдей метеобақылау жүргізілген 176 жыл ішіндегі ең ыстық 11 жыл болып тіркелген. Ал соңғы үш жыл бұл тізімде ең жоғары үш орынды иеленіп отыр.

Тамыз айында ғалымдар жаһандық жылыну қарқыны баяулады деп үміттенген. Солтүстік жартышарда күтпеген жерден жылы өткен қыстан кейін жаз мезгілі әдеттегіден салқындау болды. Алайда бұл үміт ақталмады. Жаңа жылға үш аптадай уақыт қалғанда Еуроодаққа қарасты Коперник климат орталығы (C3S) 2025 жылғы жағдай өткен жылдардағы үрдістің жалғасы екенін мәлімдеді. Ғалымдардың айтуынша, Жер климаттық апаттың қауіпті шегіне жақындап барады.

"Үш жылдық орташа температура алғаш рет +1,5°C межеден асып отыр. Бұл жай ғана шартты көрсеткіш емес, климаттың өзгеру қарқыны айтарлықтай жеделдегенін көрсетеді", – деді C3S орталығы басшысының орынбасары Саманта Бёрджесс.

Саманта Бёрджесстің айтуынша, алдағы жылынудың салдарын азайтудың жалғыз жолы – парниктік газдар шығарындыларын тез арада қысқарту. Алайда бұл бағытта нақты ілгерілеу байқалмай отыр. Батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та, қоғам мен саясаткерлер климат мәселесіне бұрынғыдай мән бермей қалды. Ал парниктік газдардың шығарындылары керісінше, әлемдік экономика мен халықтың тұрмыс деңгейінің өсуімен бірге, әсіресе дамушы елдерде, арта түсуде.

Ғалымдар рекордық жылынуды айтып дабыл қағуда

Климаттың өзгеруінен қаза тапқандар саны қазірдің өзінде миллиондап саналады. Климаттық апаттар жойқын табиғи құбылыстарға, кедейлікке және жаппай көші-қонға әкелуі мүмкін. Ғалымдардың есептеулері бойынша, климаттың өзгеруі әлемдік экономикаға 1929 жылғы Ұлы депрессиядай ауыр соққы беруі немесе жаһандық байлықтың 10%-дан астамы тұрақты түрде жоғалуы мүмкін. Мұны дәлелдейтін айқын мысал – 2025 жылдың қарашасы.

"Қараша айы бақылау тарихында үшінші ең жылы ай болып тіркелді. Ал температуралық ауытқулар әсіресе Канаданың солтүстігінде және Солтүстік Мұзды мұхитта айқын байқалды. Бұл ай Оңтүстік-Шығыс Азияда тропикалық циклондарды қоса алғанда, бірнеше экстремалды ауа райы құбылыстарымен ерекшеленіп, ауқымды апатты су тасқындары мен адам шығынына әкелді", – деп хабарлайды Коперник климат орталығы.

Жалпы, күз мезгілі бүкіл әлем бойынша жылы болды. Еуропадағы орташа температура әдеттегіден жоғары болып, әсіресе құрлықтың шығысында – Ресей мен Скандинавияда сезілді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 16:44