Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағамды ұстадым": Отандасымыз Қазақстан Мен Германиядағы азық-түлік бағасын салыстырды

Отандасымыз Қазақстан Мен Германиядағы азық-түлік бағасын салыстырды

Фото: Видеодан скрин

Германияда оқитын қазақ қызы екі елдің дүкендеріндегі кейбір азық-түлік бағаларын салыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мен Германияда оқып, жұмыс істейтін қазақпын. Жақында мұндағы азық-түліктің бағасын Қазақстанмен салыстырып көрдім. Жағамлы ұстадым. Авокадо Германияда 500 граммы 2.19 евро, Қазақстанда бақандай 6.10 евро тұрады. Осы себепті бала кезімде авокадо жемеген екенмін. Қазақстанда сүт 1,4 евро тұрса, мұнда 1 евродан сатылады. Черри қызанағының 500 граммы 1.99 евро, ал Қазақстанда оның құны – 2.19 евро”, – дейді блогер.

Айтуынша, қызыл, жасыл, сары бұрыштың бағасы Германияда 1.59, Қазақстанда – 1.80 евро тұрады.  33% кілегейдің бағасы елімізде тіпті қымбат – 2.5 евро, ал Германияда жеңілдікпен 0.99 евроға сатылып жатыр.

Лимон мен рукколаның бағасы бірдей болып шықты. Осылайша, Қазақстанда жиналған себеттегі азық-түліктің бағасы қымбатырақ болды.

“Қазақстандағы азық-түлік жалпы сомасы – 46 евро (27 876 тг), ал Германияда – 36 евро (21 815 тг)”, — деп қорытындылады отандасымыз.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 09:29
Талқылау