Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жадо: Нан зауытын ашқым келеді

Жадыра Сахиева қай саладан көбірек табыс табуға болатынын айтты.

0йфы

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Емхана табыс көзі емес. Адамнан қалай табыс табуға болады? Меніңше, нан берекелі. Қаншалықты жүзеге асатынын білмедім, бірақ, нан зауытын ашқым келеді. Киімді кимесек те, күнделікті нан жейтініміз анық. Тамақтан табыс жақсы болады деп ойлаймын», – дейді Жадыра Сахиева.

Дәл осылай Гүлнәр Силбаева өзінің алғашқы табысын тамақ саласына бұрған. Нақтырақ айтсақ, әзілқой бикеш бар қаражатын компания ашуға құйған.

«Идея күтпеген жерден келді. Өзім спортпен шұғылдана бастаған кезім болатын. Досым әрі бапкерім Мадат маған жаттығу және тамақтану жүйесін жазып берді. Мен оның жазып бергенінің барлығын түгелдей орындадым. Артынша жұмыс кестеме байланысты дұрыс тамақтанып үлгермей жүрдім. Тамақ тасымалдайтын компаниялар іздей бастадым. Бірнешеуін тауып, бағаларының тым жоғары екеніне көз жеткіздім. Сонда бай адамдардар ғана мұны жеу керек пе?! Осыдан кейін бизнес жоспар ұйымдастырып, жаңағы тағамдардың өз бағасының әлдеқайда арзан екеніне көз жеткіздім», – дейді бойжеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Димаштың әкесі: Қайрат пен Төреғали қазақ тілінің дамуына үлкен себепкер болып отыр

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Қанат Айтбаев: “Димашты бағаламаған едік” деп айтпаңыздар

Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты (видео,фото)

Талқылау