"Жаңа адамдармен танысып, қаржылық қиындықтан шығады": Тамыз айына арналған жұлдыз жорамал
Фото: Ru.freepik.com
2025 жылдың тамыз айынына ауқымды жоспар құрған кейбір жұлдыз белгілеріне ойға алған істерін кейінге шегере тұруына тура келеді. Ал қаржылық қиындықтарға тап болмас үшін оның алдын алып, үлкен несие мен қарыздарды мерзімінен бұрын жауып тастауға әрекет ету керек. Stan.kz ақпарат агенттігі тамыз айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
Тоқты
Тамыз айы тоқтылар үшін күтпеген жағдайларға толы болмақ. Әсіресе, қаржы саласында бәрі сіз ойлағандай болмайды. Тамыз айына құрған жоспарыңыз қаншалықты ауқымды болса, шығындарыңыз да соншалықты көп болуы мүмкін. Алайде кей тоқтылар қаржылай қиындықтардан шығудың амалын тауып кетеді. Бұған дейін сізге ақылын айтып, жол көрсетіп жүрген адамдардың сөзіне құлақ түріңіз. Олардың айтқандары ұнамауы мүмкін, бірақ қызбалыққа салынбай, алдымен бәрін ақылға салған жөн.
Торпақ
Торпақтар тамыз айында жақсы жұмыс істеп, оң нәтижелерге қол жеткізеді. Мұндайда сәтімен келген жағдайларды ғана емес, өзіңіздің ойланып, дәйекті түрде әрекет еткеніңізді де ескеріңіз. Ал кей торпақтар сабыр сақтап, әліптің артың баққаны дұрыс. Оқиғаның салдарын ойлап әрекет істесеңіз, қателіктерді айналып өтуге болады. Бұл іскерікке де, жеке өміріңізге де қатысты шешімдер болмақ. Келер ай ұзақ мерзімді жоспар құрып, оны орындау үшін әрекет жасауға қолайлы уақыт. Қызмет етіп жүрген саланы ауыстырамын деп ойланып жүрсеңіз, қазірден бастап жаңа саланы зерттеп, меңгеруді бастаңыз. Шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрсеңіз, бұл ойыңызды сүйіктіңізге айтыңыз.
Егіздер
Тамыздың алғашқы онкүндігі өткен соң егіздердің өмірінде айтарлықтар өзгерістер байқала бастайды. Кеудеңізді шабыт кернеп, драйвты сезінесіз. Бастысы – бастаған дүниені аяқсыз қалдырмаңыз. Ай ортасында іскерлік салада жаңа идеялар келеді, ұзаққа созылған келісімшарттар сәтті аяқталады. Тамыз айы шығармашылық жобалар, қосымша табыс көзін іздеу және басқа да істермен айналысуға қолайлы уақыт. Алайда мұндайда ерекше ойлаудан қорықпай, тез шешім қабылдау керегін ескеріңіз. Өзгелерге берген уәделеріңіз пен басқалардың сізге айтқан өтініштерін орындауға тырыссаңыз жақындарыңызбен арада ешқандай қиындық болмайды. Айдың екінші жартысында егіздерді жаңа таныстықтар күтіп тұр. Бұрынғы таныстармен арадағы қарым-қатынастарды реттеуге де мүмкіндік туып тұр.
Шаян
Шаяндар тамызда түрлі эмоцияны бастан кешеді. Басқалар дамып жатқанда, олар бір орында тоқтап тұрғандай көрінуі мүмкін. Салдарынан сізге берілген мүмкіндікті жіберіп алуыңыз ғажап емес. Астрологтар шаяндарға өзін кінәлай беруді тоқтату керек деп кеңес береді. Шаяндар жәй ғана жағдайдың сәтін күтіп жүр. Ол күн де алыс емес. Сондай-ақ денсаулығыңыз бен эмоциялық жай-күйіңізге көп көңіл бөлсеңіз, келер ай жақсы өтеді. Тамыздың соңында жаңа мақсаттар пайда болуы мүмкін. Оған қол жеткізу үшін күзде дайындықты бастап кету керек.
Арыстан
Келер айда арыстандар өмірін ой елегінен өткізеді. Жеткен жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы ойлайды. Алайда жұлдыздар арыстандарға өзін сынға алуға әуес болмауға шақырады. Айдың басында қаржыға және жұмысқа байланысты тоқырау болуы мүмкін. Мұндайда өзіңіздің интуицияңыз бен ішкі даусыңызға құлақ түріңіз. Сонда дұрыс таңдау жасауыңыз әбден мүмкін.
Бикеш
Тамыз айында бикештердің өмірінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Десе де жұмыстағы әріптестеріңізбен және басшылықпен арадағы қарым-қатынасқа назар аударыңыз. Сонда сізге кімнің шын жанашыр екенін байқайсыз. Келер ай зерттеумен және тергеп-тексерумен айналысатын бикештер үшін қолайы болмақ. Адамдарды сыртынан бақылау, олардың әрекеттеріне баға беру, қатесін түзеуге келгенде бикештер алдына жан салмайды. Ақылға сыймайтын сәйкестіктер, болмашы оқиғалар мен кездейсоқ кездесулер бикештердің өміріндегі үлкен өзгерістерге себеп болуы мүмкін. Тамыз айында бикештер өз уақыты мен күш-қуатын неге жұмсағысы келетінін түсінеді.
Таразы
Келер айта таразыларға бірнешеға жағдайға қатысты шешім қабылдауға тура келеді. Десе де бәрін ақылға салып, ойланып алуға уақытыңыз бар. Мұндайда шаян, сарышаян, балық секілді жұлдыз белгілерінен кеңес сұраған дұрыс. Олар сізге дұрыс бағыт сілтеуі мүмкін. Қызметте алға жылжимын десеңіз, айдың басында әрекет етіп, көзге түскеніңіз жөн. Ол үшін алдымен бағытыңызды айқындап алыңыз, мақсатқа жетуідің жолдарын кейін қарастырасыз. Таразылар дипломатиялық қарым-қатынас орната алады, жағдайда жан-жақты көре алады, сондай-ақ үнемі әділдікке ұмтылады. Осы қасиеттеріңізбен басқаларға көмегіңіз тиеді.
Сарышаян
Сарышаяндар келер айда бірқатар түсініспеушіліктердің салдарынан қобалжып, алаңдап қалады. Мәселе жағдайдың ауқымдылығында емес, сарышаяндардың түймедейді түйедей ететін баяғы әдеті. Мұндайда сарышаяндарды түсініп, жақсы көретін жанның жанында болуы маңызды. Көмек қажет болса, торпақ, бикеш және тауешкі сыныды жұлдыз белгілерінен кеңес алуына болады. Жағдайды объективті бағалау болашақта дұрыс жоспар құруға көмектеседі. Астрологтар таразыларды көмек сұрап, өтініш айтарда қысылмауға шақырады. Өзіңіздің сөзіңізді дәлелдеймін деп жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Бұл әрекетіңіз жеңе өміріңізге де кері әсер етуі мүмкін.
Мерген
Мергендер үшін тамыз айының басы оңайға соқпайды. Бәрін баппен істеуге тура келеді. Ол бұл сізге жат әдет. Жаныңызда кеңес беріп, үлгі көрсететін адам болғаны жақсы. Ол бұрынғы танысыңыз немесе жақында ғана танысқан жан болуы мүмкін. Бастысы ол сіздің қателік жіберуіңіздің алдын алуға көмектеседі. Әсіресе, таразы мен суқұйғыштардың ақыл-кеңесіне құлақ түргеніңіз жөн. Дәйекті түрде әрекет еткеніңіз дұрыс. Сондай-ақ өз қалауыңызды іске асырарда да оның қарапайым, қолжетімді болуына мән беріңіз. Өйткені оны іске асыру үшін ақылға қонымды мақсат қойып, жетістікке жету әлдқайда жеңіл болады. Тамыз айында мергендердің жеке өмірінде үлкен өзгерістер болады. Мұнда да асығыстық жасамаған жөн. Себебі бірінші ойға келген дүние әдетте сәтсіз аяқталады.
Тауешкі
Тауешкілер тамызда жақсылап демалады. Күтпеген сыйлықтар алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Сондықтан қарапайымдылыққа саламын деп бәрінен айырылып қалып жүрмеңіз. Бірқатар қиындықтар болады. Бірақ сондай сәттерде сіз өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетесіз. Асығып, абдырамай, барлығын өз орнына қоясыз. Мұндайда сізге ешкім көмектеспеуі мүмкін, бірақ керісінше кедергі келтіретін адамдар көп болмақ. Сондықтан оларды өз істеріңізден алшақтатып, ұрыс-жанжалдан барынша аулақ болғаныңыз дұрыс. Айдың екінші жартысында аяқталмаған істеріңізді соңына дейін жеткізуге мүмкіндік туады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштарға тамыз айында барын салып жұмыс істеуге тура келеді. Сіздің алаңдататын жағдайларға мән беріңіз, оның шын себебін анықтауға тырысыңыз, өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды мойындап, қабылдап үйреніңіз. Мүмкін, осылайша жан дүниеңізге терең үңіліп, құнды тәжірибе жинаудың сәті түсер. Нәтижесінде алға ұмтылуға кедергі келтіретін дүниелермен қош айтысасыз. Келер айда жаңа істі қолға алған суқұйғыштар айналасындағы адамдар мен жағдайға байланысты қысымға тап болуы мүмкін. Мұндайда қаншалықты қиын болса да, өз мақсатыңыздан бас тартпау керек.
Балықтар
Балықтар келер айдан бастап өз өміріне жеңіл қарай бастайды. Олардың ішкі сезімі кімдермен қош айтысып, кімге сену керегін айтады. Жұлдыздар балықтарға өзіне және айналасындағы адамдарға адал болуға кеңес береді. Айдың басында түрлі ыңғайсыз жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Сондай сәттерде өзіңіздің біліміңіз бен тәжірибеңізге күмән келтіріп қалуыңыз ықтимал. Бірақ мұндайда ештеңеден қол үзбей, кішкентай қадамдармен алға қарай жылжи берсеңіз, мақсаттарыңызға жетудің ауылы да алыс емес. Сондай-ақ достарыңыз әрқашан сіздің жағыңызда, олар сізге қолдау көрсетеді.

“Енем басқа дінде болса да, мен үшін мешітке барды”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі туралы айтып берді
