Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктілік кезінде ескеретін дүниелер

Саламатты ұрпақ өмірге әкелуде жүктілік кезеңінің көтерер жүгі аз емес. Осы орайда мамандар жиі тілге тиек ететін жүктілік кезде көңіл бөлу керек мәселелерді өздеріңізбен бөліспекшіміз.

1415860245_beremennaja-mama1
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

– Іштегі балаға кері әсер ететіндіктен, жүктіліктің алғашқы екі-үш айында дәрігердің рұқсатынсыз ешқандай да ем қабылданбауы керек. Сондай-ақ, есірткі, құстырмайтын дәрі, ұйқы немесе тыныштандыратын дәрі-дәрмек қабылданбағаны жөн.

– Тексерілу я болмаса емделу мақсатында Х сәулесіне түскен әйелдердің сәбилері көбіне кемтар болып туылатындығы байқалған.

– Аяқ ауыр кезде ішімдікке салынған немесе темекі шеккен әйелдер қалыпты орта салмақтан әлдеқайда жеңіл нәресте дүниеге әкеледі.

– Жүктілік кездегі әйел мен еркек арасындағы ұсақ-түйек ұрыс-керістер іштегі балаға да кері әсерін тигізеді.

– Жүктілік кезінде әйелде кездесетін физикалық тұрғыдан дененің зақымдануы, күйзеліске ұшырау, ішімен құлау немесе төбелес туылатын балада кері із қалдыруы мүмкін.

– Нәрестенің қалыпты дамуына қажетті бар витаминдер ана бойынан алынары белгілі.

– Жүктілік кезінде әйел 10 кг дейін салмақ қосады, одан артық салмақ шамадан тыс семіру болып табылады.

– Балаға барлық витаминдер қажет. Егер нәресте кальциум витаминін қажетсінсе, онда (анасында аталмыш витамин болмаған жағдайда) шешесінің тістері мен сүйектері біртіндеп зақымға ұшырайды. Фосфор сәби миының дамуында үлкен рөл атқарады. Ол үшін анаға балықты көбірек жеген дұрыс. Сондай-ақ, балада қан аздығы кездеспеуі үшін анасында көп мөлшерде темір құрамы да болуы керек.

– Баланың  қалыпты дамуы үшін қажетті витаминдердің барлығы да өз шешесінен алынғаны дұрыс. Ана қабылдайтын азықтың көп мөлшерін протеиндер, минералдарды тұздар, минералдар құрауы керек.  Ол үшін көп мөлшерде сүт, ет, бұршақ тұқымдас балық, сәбіз және жеміс жеп тұрған жөн.

– Адамның қаны А; Б; О; АБ болып төрт топқа бөлінеді. Сонымен қатар, бұл топтар (-) және (+) болып екіге бөлінеді. Анадағы қан (-), әкедегі қан (+) болған жағдайда қан үйлеспеушілігі пайда болып, баладағы қанның өзгеруіне себеп болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық әйелдің жүкті болғанына қазір 17 ай болған

Австралиялық жүкті әйел пилонда билеп жұртты шошытты (Фото)

Қазақстандық дәрігер смартфон мен гаджеттің жүктілікке кері әсер тигізетінін айтты

Жүктілік кезінде желінген жемістер болашақ сәбидің IQ-ін көтереді

Талқылау