Жүргізуші тікелей эфирде жеп тұрған тамағын түкіріп тастады
Денверлік тележүргізуші әлемдегі ең ащы чили бұрышы қосылып жасалған тағамды бағдарлама кезінде түкіріп тастады.
Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.
Сәрсенбі күні Денверде KWGN жаңалықтарының жүргізушілер командасы ащы бұрыш қосылып әзірленген жүгері тортильясының дәмін татып көрген болатын. Жүргізуші Якарь Натали Тисдаль оны бірден түкіріп тастайды. “Мен бір шетін ғана тістеген болатынмын. Аузым мен құлағымнан от шығып жатқандай күй кештім. Мен оны жемеуге кеңес беретін едім”, – дейді Тисдэл.
“Сәрсенбінің бір таңы” бағдарламасының жүргізушілері Paqui тағамының қаншалықты ащы екенін анықтамақ болған. Якарь оны бірден түкіріп тастаса, қалған ер адамдар жөтеле бастаған.
“Натали түкіріп тастады! Мұны жақсы тағам деп айту қиын сияқты”, – дейді жүргізушілердің бірі. Ал Наталидің өзі көпке дейін су да іше алмағанын айтады. “Менің қолымда су, бір стақан сүт тұрды. Тіпті, балды да жеп көрдім. Әлгі тағамның ащы дәмі аузымнан кетпей қойды. Үш сағатқа дейін өзімді біреуден таяқ жеген адамдай сезініп жүрдім. Меніңше, бұл тағамды шығарғандардың есі дұрыс емес! Мен оны жеуге кеңес бермейтін едім”, – дейді ол.
Бұл ащы қытырлақтар табытқа ұқсайтын кішкене қораптардың ішіне салынып сатылады. Қазіргі таңда өте арзан бағада сатылып жатыр. Тіпті, дәмі аса ащы емес деп жарнамаланған кездері де болыпты. Майк Смит Уэльс чили бұрышының жаңа түрін халыққа таныстырған болатын. Оны “Айдаһар тынысы” деп атауды жөн көрген екен.
Жіберіп алмаңыз:
Екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнында тоқтамай күлген
Астанада сауда орталығының алдында қанды оқиға болды
Алматы–Қапшағай жолында үш көліктің астында қалған әйелдің басы жұлынып кетті