Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктіліктің 23-аптасында туған егіздер таңғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

Суреттегі егіздер небәрі 23 аптадан кейін туған. Олар қазіргі таңда Ұлыбританиядағы ең жас егіздер ретінде тіркелген.

3C9AD69D00000578-0-image-m-27_1485644982484

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Имоджен мен Аннабельдың салмағы 454 граммға де жетпейді. Олар өткен жылдың сәуір айында дүниеге келген болатын. Жүктіліктің алтыншы айында туған әпкелі-сіңлі алғашқы 4 айда ауруханада болған. Оларға осы уақыт ішінде түрлі ота жасалып, бірнеше рет қан құйылған. Дәрігерлер, тіпті, терісін зақымдаудан қорқып оларға киім кигізбеген. Алайда егіздер дәл қазір Пейслиде ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Егіздің салмағы қазір – 5, 5,5 кг. Олар әлі күнге дейін жаңа туған сәбиге кигізетін киімдерді киеді.

“Мерзімінен бұрын туған егіздердің аман қалғаны туралы бұрын-соңды естімеген екенмін. Тіпті, бір ғана сәбидің өзі мұндайда тірі қалмай жатады. Бастапқыда өзімді кінәлі сезініп жүрдім. Олар тірі қалған жағдайдың өзінде аурушаң болатын еді деп ойладым. Олар – Шотландиядағы ең жас егіздер. Мамандар олардың екі жыл бұрын туғанында, тірі қалмаулары мүмкін екенін айтып жатыр. Мұны олар техниканың қарқынды дамуымен түсіндірді. Біз кішкене ғана таңғажайып сыйды қатты жақсы көреміз”, – дейді Уир ханым.

3C9AD6AB00000578-0-image-m-26_1485644960637

Уир ханым болашақ күйеуін осыдан 9 жыл ұрын университетте кездестірген. Артынша Данди мырзаға 2013 жылы тұрмысқа шығады. Екеуі 2015 жылдың соңына қарай егіз балалы болатындарын біліп, қатты қуанады.  Арада жеті апта өткен соң, Уир ханым ауруханаға түседі. Бұған жүрегін ауыртқан екі оқиға себеп болған екен.

“Біз егіз баламыз болатынын білген кезде қатты қуандық. Клэрден қайта-қайта қан кете берген соң, ол ауруханада тұрақты түрде қаралып отыруы тиіс болды. Бірақ дәрігерлер әрдайым кішкентайлардың жағдайының жақсы екенін айтып отыратын”, – дейді күйеуі.

3C9AD6C100000578-0-image-m-28_1485645018451

20-аптада Уирдың жағдайы тұрақталады. Алайда 22–аптадан кейін одан су кете бастайды. “Олар мені бірден ауруханаға алып барды. Бастапқыда менен не себепті су кеткенін түсіне алмадық. Артынша “төмен жағымның” 2 сантиметрге ашылғаны байқалды. Дәрігерлер дәл қазір тууым мүмкін екенін айтып, мені қатты шошытты. Олар осылайша мені аман алып қалмақ болған екен”, – дейді Уир.

Дәрігерлер егіздердің 28-аптада туған жағдайда тірі қалуы мүмкін екенін айтқан. “Олар шешімді біздің қабылдауымыз керектігін меңзеді. Әдетте басқа ата-аналар ерте туған балаларының қасында болуды жөн көреді екен. Яғни жан сақтау бөліміне жатқызбастан, өздерінің қасына алдырады. Алайда біз өз балаларымызға мүмкіндік бергіміз келді”, – дейді Уир ханым.

3C9AD6B200000578-0-image-m-29_1485645033636

Перзентханадағы өзге аналар тез босануды армандап жүрді. Ал Уир ханым керісінше өзінің жүктілігінің уақытын соза түспек болды. “Мен бар болғаны сәбилерімді ішімде ұзағырақ ұстап қалуға тырыстым. Сол кезде қалай қиналғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен тіпті дәретханаға баруға қорқатын едім. 23-аптада босансам, егіздерімді аман алып қаламын деп ойладым. Күн сайын үміт оты жана берді. Өкінішке орай, 23-аптада инфекциялық ауруға шалдықтым. Бұл ауру егіздерімнің жағдайын одан арман қиындатып жіберді”, – дейді Уир ханым.

“Біз олар Клэрдың ішінде болған кезде-ақ қоштасып қойғанбыз. Оларға күнде Сьюзи мен Хэм дәрігердің оқиғасын оқып беретін едік. Бұл кітапты оларға әлі күнге дейін оқып беріп жүрміз”, – дейді Уир мырза. 2015 жылдың 3 сәуірінде бірінші Аннабель дүниеге келді. Оның салмағы – 0,5 кг болды. Арада 10 минут өткен соң, Имоджен дүниеге келді.

3C9AD6CD00000578-0-image-a-7_1485644742598

“Инфекциялық ауруымның салдарынан сәбилерімді бірінші күні көре алмадым. Имодженді арада алты күн өткеннен кейін ғана қолыма алдым. Ал Аннабель қолға алу үшін тым кішкентай еді. Олар менің бір қолыма сыйып кететін. Оларды бірінші рет көрген кезде қатты таңғалдым. Бірнеше апта бойы көздерін ашқан жоқ. Шамамен 100 күнге дейін киім кимеді. Терілері тым жұқа болатын. Өзімді олардың алдында сондай қауқарсыз сезіндім. Алайда менің қолымнан келетін ол уақытта ешнәрсе жоқ еді. Сүтімді беріп қана көмектесіп отырдым”, – дейді Уир ханым. Жас жұбайларға Мэтернити ханшайымның қоры 1,700£ ақша табыстады. Уир ханым мен Мырза өз кезектерінде өздеріне қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірді.


Жіберіп алмаңыз:

19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)

Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)

Түсік тастаған әйелдің сәбиі тіріліп кетті (фото)

Қытайда кейуана ұрланған қыздарымен 28 жылдан соң кездесті (фото)

Талқылау