Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті және бала емізетін әйелдердің оразасы

Жылына бір-ақ рет сағындырып келетін Рамазандағы оразаны ешкімнің өткізіп алғысы келмейтіні анық. Ал, жүкті және бала емізіп жүрген әйелдер ораза ұстай ма?

Pregnant woman eat apple

Ал дінімізде ешбір сауал жауапсыз қалмаған. Бұл тығырықтан шығудың жолы Құран мен Сүннетте төмендегідей баяндалады: Әнастан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Алла сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және бала емізетін әйелдерді оразаның ауыртпалығынан босатты», – деп жазады Асыл арна.

Жүкті және бала емізетін әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Алла Тағала: «… ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» деген.

Ғалымдар: «Егер жүкті және бала емізетін әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер олар қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстау керек» – деген. Сөйтіп, жүкті және бала емізетін әйелдер, көпшіліктің ойлайтынындай, жай жүктілігі мен бала емізетіндігі себепті емес, баласы үшін не өзі үшін қауіптенген жағдайда ғана ораза ұстамауына болады. Егер ораза ұстаған әйел баласын емізсе немесе нәрестесінің нәжісін тазаласа, нәжісті ұстаса, оның  оразасы бұзылмайды.

Жүктілік және бала емізу себебімен қалып қалған ораза күндері толықтырыла ма?

Осы мәселеге қатысты ғалымдардың арасында бес белгілі пікір бар. Соның біріншісі – жүкті және бала емізетін әйелдер кедейлерді тамақтандырмай, қалып қалған ораза күндерін жай ғана толықтыруға міндетті. Бұл Әбу Ханифаның, әл-Әуза’идің, Суфьян әс-Сауридің, Әбу Саурдың және Әбу ‘Убайданың пікірі. АллаТағаланың шариғатындағы негіз – бұл әрбір мұсылман адамның ораза ұстауға міндетті екендігін әрі осы (үкім) жүкті және емізулі әйелдерге де қатысты, өйткені олар үшін ешқандай ерекшелеу жоқ екендігін айтқан.  Әрі осыған орай жүкті және бала емізетін әйелдер де, орынды шариғи себеп бойынша ораза ұстай алмаған кез келген адам сияқты, қалдырған күндерін толықтыруға міндетті.

Сондай-ақ олар келесі қиястарды дәлел ретінде келтіреді: «Ұлы және Құдіретті Алла сапардағыларды оразадан және намаздардың жартысынан, ал жүкті және бала емізетін әйелдерді оразадан босатты» деген хадис. Олар: «Жүкті және емізулі әйелдер хадисте сапардағы адаммен бір қатарда аталады, ал сапардағы адам қалдырылған оразаны толықтыруға міндетті», – дейді. Сондай-ақ. олар жүкті және бала емізетін әйелдерді науқас адамдармен теңейді де: «Өйткені науқас адам өзі үшін қауіптенгендігі себепті ораза ұстамайды, бірақ сонымен қоса ауруынан жазылғаннан кейін оразасын толықтыруға міндетті», – дейді.

Етеккірі келген немесе босанғаннан кейінгі қаны келіп жатқан әйелдің оразасы

Етеккірі келген немесе босанғаннан кейінгі қаны келіп жатқан әйелдерге ораза ұстауға тыйым салынады, бұл туралы ғалымдар бірауызды келісімде болған.

«Етеккірі келген әйелдерге ораза ұстауға болмайды» деген пікірге  Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Етеккірі басталған әйел намаз оқуын және ораза ұстауын доғармай ма?!», – деген сөзі  дәлел болады. (Бұхари) Сондай-ақ, «Босанғаннан кейінгі қаны келіп жатқан әйел де ораза ұстамайды» дегенге Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «босанғаннан кейінгі қаны келген әйелдер қырық күнге дейін намаздан тыйылатын», – деген хадисі дәлел бола алады. (Ахмад, Әбу Дәуд)  Әрине, егер оларға намаз оқуға тыйым салынған болса, онда ораза ұстауға да тыйым салынған еді. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары мен олардың ізбасарлары (табиғиндер) «Әйелдер босанғаннан кейін қырық күн бойы намаз оқымаулары және ораза ұстамаулары керек, тек егер олар (босанғаннан кейін келетін қаннан) ертерек тазармаса» дегенге бірауызды келісімде болған.

Егер жүкті әйел баланың  басы немесе қолы сияқты дене мүшелері қалыптасу кезінде түсік тастаса, онда бұл жағдай босанғаннан кейінгі қан келу ретінде қарастырылады да, мұндай әйел ораза ұстамайды.  Егер түсік тастау жүктіліктің ертерек кезеңінде (сексен күнге дейін) орын алса, онда әйел кісі истихада (яғни ауруға байланысты қан келу) жағдайында болып саналады да, ол оразасын қалдырмай ұстайды.  Жоғарыда аталған сипаттарға кірмеген үзірлі жағдайдағы кез-келген әйел адам ораза ұстап-ұстамауы жайлы мешіт имамдарынан сұрап алғаны жөн.

Тағы да оқыңыз:

2017 жылғы Рамазан айына арналған Ораза ұстау кестесі

Ораза ұстау кезінде жіберетін 10 қателік

Оразаға қарыз күндерді қалай өтейміз?

Талқылау