Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жүкті ер адам” әйелімен ажырасып, балаларының мұғаліміне үйленіп алды (фото)

АҚШ-та 44 жастағы Томас Бити бірнеше жыл бұрын әйел адам болған. Ол Гонолулуда қыз бала болып дүниеге келіпті. Трейси есімі берілген қыз кішкентайынан өте сұлу болған. Тіпті «Жасөспірімдер арасындағы Гаваи аруы» байқауында жеңімпаз атанады, деп хабарлайды Rep басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда 20 жылдан кейін Трейси жынысын ауыстыруға бел буған. Ол 10 жыл бойы өзін ер адам сезініп келгенін айтыпты. Ол 30 жасына дейін жынысын ауыстырған. Алайда ішкі ұрпақ өрбіту ағзаларын алдырмапты.

Трейси отадан кейін Томас есімін алған. Ол Ненси есімді әйелді жолықтырып, екеі отбасын құрған. Ерлі-зайыптылыр сәбилі болғысы келгенімен, Ненсидің денсаулығы жарамаған екен. Сол кезде аналық жыныс безі мен жатырын алдыртпаған Томас жасанды жолмен жүкті болуды ұйғарған. Бірінші сәбиін аман-есен босанған Томас мұнан соң тағы екі бала дүниеге әкелген.

Алайда отбасын құрғаннан 9 жыл өткеннен кейні ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Ал ажырасуды рәсімдеу процесі некедегі заң бұзушылықтарға байланысты 4 жылға созылған. Анықталғандай, олар некелескен кезде заң бұзған. Себебі Томас өзінің әйел адам болғанын жасырып қалыпты. Ол уақытта Аризона штатында бір жынысты некеге рұқсат берілмеген еді. Десе де ерлі-зайыптылардың ажырасу туралы арызы қанағаттандырылды.

Томас әйелімен ажырасқаннан кейін, өз балалары оқитын бастауыш мектептің директорына ғашық болып қалған. Эмбер де оны ұнатып, ғашықтар біраз уақыттан соң шаңырақ көтереді. Неке рәсімінде ерлі-зайыптылардың ең жақын адамдары ғана болған. Олардың ішінде Томастың үш баласы мен Эмбердің 2 баласы бар.

Алдағы уақытта ерлі-зайыптылар сәби сүюді жоспарлап отыр. Тіпті Томастың өзі де қайта «жүкті» болуға қарсы емес екен.

Оқи отырыңыз:

Метрода бір-бірінен аумайтын 3 ер адам кездейсоқ кездесіп қалды

Қытайда 20 сағат бойы ойын ойнаған жігіт жүре алмай қалды (видео)

Танымал қазақстандық кәсіпкер жетістікке жетудің жолдарын айтты

Жігіт есірткі сақтағаны үшін ұсталып, қызына үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Талқылау