Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйелдің ішін жарып баласын алған Колорадо тұрғыны сотталды

Колорадо штатының 35 жастағы тұрғыны Дайнел Лейн өзінің үйіне келген жүкті әйелге шабуыл жасады деп айыпталуда. Ол бірнеше пышақ жарақатын салып, құрсағына да зақым келтірген.

pic_de06cfb099eea7aec241282d3658436e

Сурет Лонгмонт полиция департаментінен

Оқиға 2015 жылы наурыз айында Лонгмонт қаласында болған. Лейн интернетке екіқабат әйелдерге арналған киімдер сатамын деп хабарландыру ілген. Зардап шекке 27 жастағы Мишель Уилкинс осы жарнама бойынша барған.

Әйелдер өзара бірнеше сағат сөйлескеннен кейін, Лейн Уилкинске тиісе бастап, оны тұншықтырған. Зардап шегуші Лейнді тоқтатпақ болып “оны сүйетінін айтқан”. Ал ол, “егер мені сүйсең осыны істеуге мүмкіндік бер” деген. Лейн әйелді бірнеше рет басынан ұрып, оған пышақ жарақатын салған. Сосын асүй пышағымен оның құрсағын тіліп зорлаған.

Сотта айыпталушының жігіті Лейннің екіқабат болғысы келіп, бала күткенін айтты. Қылмыс болған күні ол үйіне келген кезде ваннадағы баланы көреді. Лейн, түсік тастадым деп айтқан. Сосын дереу оны ауруханаға жеткізген. Ал осы кезде Уилкинс есі бір кіріп, бір шығып үй астында жатқан болатын. Ол 911 полиция телефонына хабарласып, олар келіп алып кетеді. Әйел тірі қалғанымен, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған.

Істі зерттеу нәтижесінде сот, Лейнді бала өліміне кінәлі деп тапқан. Сондай-ақ, ол әйелге суық қарумен шабуыл жасап, адам өліміне кінәлі болғаны үшін айыпты деп танылды. Лейннің өзінің екі қызы бар екен. Жүктілікті тоқтатып, адам өліміне кінәлі болғаны үшін ол 80 жылға бас бостандығынан айырылмақ.

Талқылау