Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетке шығатын қызметкерлерге қатысты өзгерiстер енгiзiлмек

Бүгiн Мәжiлiс үйiнде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Бiржан Нұрымбетов халықты жұмыспен қамту және көшi-қон мәселелерi туралы Заң жобасын таныстырды. Жоба аясында зейнетке шығатын қызметкерлерге қатысты өзгерiстер енгiзiлмек.

Бүгiн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi депутаттардың талқылауына «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы және көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын ұсынды. Жоба аясында өзгерiстер мен толықтырулар 9 заңнамалық актiге, соның iшiнде 4 кодекс пен 5 заңға енгiзiлмек. Солардың бiрi – 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексi, деп хабарлайды Baq.kz.

«Еңбек кодексiне енгiзетiн бiр-екi өзгерiсiмiз бар. Жұмыс берушi қызметкердiң зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты еңбек шартын бұзатын күнiне кемiнде бiр ай қалғанда оны хабардар етедi. Өздерiңiз бiлесiздер, Еңбек кодексiнде қызметкер зейнет жасына жетсе, оны жұмыстан шығаруға болады делiнген. Бiрақ, жұмыс берушi оны бiр ай бұрын ескертуi керек деп айтылған. Iс жүзiнде жұмыс берушiлер бұны әртүрлi ғып талқылай бастады. Жұмыс берушiлер арасында «ескертудi ертерек беру керек пе, кейiн беру керек пе?» деген сұрақ туындады. Сондықтан, бiз осыны нақтылап жатырмыз. Ендi қызметкер зейнет жасына жетедi, содан кейiн жұмыс берушiнiң оған ескерту жасауға құқығы пайда болады. Ескертудi бiр ай бұрын жасау керек болатындықтан қызметкердi зейнет жасына толған соң бiр айдан кейiн ғана жұмыстан шығаруға болады», – дедi Бiржан Нұрымбетов.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

Сезімін білдіре алмаған мұғалім медбикені алып қашып кеткен

Астанада полиция қызметкерлері дүкенге шатырдан енген ұрыны есік аузынан күтіп алды (видео)

БАҚ: Қызтекелерді өзіміз тәрбиелеп жатқан жоқпыз ба?

Талқылау