Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорының тағы 40 миллиард теңгесі желге ұшуы мүмкін

Елімізде қарттығына деп ақша жинағандар тағы 40 миллиард теңгесінен айырылуы мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының проблемалық активтері осынша қаражатты құрайды. Бұл Әзірбайжан банкіне салынған 71 миллиард теңгеден бөлек ақша. Салымшылардың осы қыруар қаржысының сенімсіз қолға өтіп кеткеніне қатысты дау өткен аптада шыққан болатын. Енді проблемалық активтер туралы айтылып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

зейнетакы 220517

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Әзірбайжан банкіне салынған 71 миллиард теңгеден бөлек бас ауыртар мәселесі жетерлік. Тағы 40 миллиард 500 миллион теңге қордың проблемалық активтеріне айналған. Бұл жалпы жинақ мөлшерінің шамамен 1 пайызы.

Қазір қор басшылығы инвестиция немесе несие ретінде кеткен сол қарызды 21 эмитенттен өндіріп алуға тырысып жатыр. Ал Әзірбайжан банкінен қайтарылмай қалған 71 миллиардтың жалпы инвестициялық табысқа қалай әсер ететінін әлі есептемепті. Дегенмен, қор басшылығы жетістіктер де жетерлік деп мақтанды. Мәселен, жыл басынан бері зейнетақы жинағының көлемі 240 миллиард теңгеге өскен.

«Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6 триилион 930 миллион теңгені құрап, 4 пайызға өсті. Ал жыл басынан бергі 4 ай ішінде таза инвестициялық табыс 92 млрд., 200 миллион теңгені құрап, ол салымшылардың шоттарына таратылды», – дейді БЖЗҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Жалпы, зейнетақы қорына салынған қаражат көлемі бойынша Алматы 22 пайызбен көш басында тұр. Ал астаналықтар бүкіл жинақтың 9,75 пайызын берген. Бұл көрсеткіш бойынша үшінші тұрған Қарағанды облысының үлесі – 8,82 пайыз.

Осы жинақ қаражаттың тағдырына қатысты өткен аптада Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеме жасаған болатын. Салымшылардың 160 миллиард теңгесі рейтингі ең төмен банктерде сақталған деп дабыл қақты депутат. Ал 60 миллиард теңгенің құнды қағаздары қаржылық ахуалы мүшкіл мекемелерге құйылыпты. Бірақ қор басшылары, бұдан салымшыларға анау айтқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп ақталды.

«Зейнетақы активтерінің 65 пайызы жоғары деңгейдегі қаржы ұйымдарына салынған.Соған қарап,салымшылардың ақшасы сенімді сақталады деуге болады. Оның үстіне, соңғы 3 жылдағы инвестициялық қызметіміздің нәтижелері де сөзімізді растайды», – дейді Сәуле Егеубаева.

Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының сақталуын мемлекет тарапынан инфляция деңгейі ескеріле отырып, салымшыларға аралық айырмасы төленеді.

-Зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;

-Мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген І және ІІ топтағы мүгедектер;

-ҚР-ның шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алады.

Айта кетерлігі, тұрақты мекен-жайын шетелге ауыстырған азаматтар зейнетақысын түгел шешіп ала алады. Ондайлардың 95 пайызы Ресейге көшкендер екен. Ал өз азаматтарымыз үшін ондай мүмкіндік жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

БЖЗҚ қандай жағдайда зейнетақы жинағын алдын ала шешіп алуға болатынын мәлім етті

Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

Қазақстанда ең көп жалақыны қай сала қызметкерлері алады

Министр не себепті Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар қаржы беретінін айтты

Талқылау