Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді": Еңбек министрлігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Еңбек министрлігі желідегі “зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді” деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20% қысқартылады деген жалған мәліметі бар видеосы тарады

1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10% артты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-на дейін ұлғайтылып жатыр”, – делінген хабарламада.


2026 жылдан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-нан 118%-на дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.

Еңбек министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 14:50