Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова халықаралық турнирде топ жарды

Зейнеп Баянова мен Лаура АлмағанбетоваФото:Stan.kz collage

Албания астанасы Тиранада халықыралық рейтингтік турнирде әйелдер күресінен Қазақстандық қос балуан алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олар 50 келіге дейін салмақта сынға түскен Зейнеп Баянова. Ол іріктеу кезеңінде АҚШ елі мен жапон қыздарынан айласын асырды.

Ал жартылай финалды үндістандық балуандаы тізе бүктірсе, шешу айқаста таүы бір үнді қызы Приянши Праджапатты 13:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Ал 55 келіде ел намысын қорғаған Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда үнді және неміс қыздарынан басым түсті.
Отандасымыз алтын үшін тартыста украиналық Лиллия Маланчукті 3:2 ұпайымен ұтты.

Осылайша айтулы турнирде Қазақстан қоржынына екі бірдей алтын медаль түсті.

Бұдан өзге ерлер арасында 97 келіде белдескен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жартылай финалға дейін жеткен еді. Алайда ақтық сынға жолдама үшін тартыста екі дүркін Олимпиада чемпионы, ресейлік Абдурашид Садулаевқа 14:3 есебімен жол берді.

Ал қола жүлде үшін күресте Үндістан балуанын 10:0 есебімен қапы қалдырды.

92 келіде Әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбеков іріктеу бәсекесінде Иран балуанынан 5:0 есебімен жеңілгенімен, қарсыласы финалға шығуына байланысты жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған.

Ол аталған сында Қырғызстан балуанынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

97 келіде белдескен тағы бір жерлесіміз Нұрдәулет Бекенов жұбаныш белдесуінен бас тартып, жүлдеден тыс қалды

Ақерке Өмірхан
Жұма, 27 Ақпан, 2026 00:22