Ақмола облысында зергерлік дүкенге астын қазып кіріп, тонап кеткен күдіктілер ұсталды
Степногорск қаласындағы зергерлік дүкеннің астын қазып, тонап кеткен қос күдікті Астанада қолға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде Астана қаласында елорданың 1977 және 1988 жылы туған тұрғындары қолға түсті. Олардан заттай айғақ ретінде телефон, құрал-саймандар мен көліктері тәркіленген.
Қылмыстық істі зерттеу әлі жалғасуда, күдіктілер қамауға алынды. Олар Степногорск қалалық базарының маңындағы зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен. Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбаға қарағанда, ұрлықшылар дүкенге кіреберістегі баспалдақтың астынан ойып енген.
"Витриналарды тып-типыл еткен. Шығын мөлшері жүздеген миллион теңге. Бұл бейресми ақпарат", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.