Зеленский жемқорлық дауына байланысты президент кеңсесінің басшысы Ермакты қызметінен босатты
Фото: gettyimages.com
Зеленский жемқорлық дауына байланысты Украина президенті кеңсесінің басшысы Ермакты қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Владимир Зеленский президент кеңсесінің басшысы әрі жақын серігі Андрей Ермак қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш бергенінін мәлімдеді.
“Мен ешкімнің Украинаға қатысты сұрағы қалмағанын қалаймын. Сондықтан бүгін бірнеше ішкі шешімдер қабылданды. Біріншіден, Украина президентінің кеңсесі қайта құрылады. Кеңсенің басшысы Андрей Ермак қызметінен кету туралы өтініш берді”, – деді Украина президенті.
Ермактың қызметтен кетуі Украинадағы ірі жемқорлық дауына байланысты болды. 28 қараша күні Украинаның ұлттық жемқорлыққа қарсы бюросы оның пәтерінде тінту жүргізді. Ермак өз еркімен қызметтен кету шешіміне қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
Айта кетейік, Ермактың пәтерінде тінту жүргізілуі және оның қызметтен кетуі ұлттық бюроның Украина энергетикасында әрекет еткен “жоғары деңгейлі қылмыстық ұйымды” әшкерелегенін хабарлағаннан екі апта өткен соң орын алды. Бюро бұл ұйымның жетекшісі ретінде кәсіпкер Тимур Миндичті атады.
Украина Трамптың бейбітшілік жоспарына келісім берді
Андрей Ермак Украина президенті кеңсесінің басшысы қызметіне 2020 жылғы ақпанда тағайындалып, бұл лауазымда Андрей Богданды алмастырды.
Ермак 1971 жылы Киевте дүниеге келген. Білімі бойынша халықаралық құқық маманы, ал 1990-шы жылдардың соңынан бастап авторлық құқық мәселелерімен айналысқан. Оның компаниясы ірі телеарналар мен Disney, Pixar және Universal секілді халықаралық кинокомпаниялармен жұмыс істеген. Саясатқа келмес бұрын Ермак бірнеше фильмнің продюсері де болған.
Президент кеңсесінің басшысы қызметіндегі бес жылда Ермак украин билігіндегі ең ықпалды саясаткерге айналды, оны кейде елдің вице-президенті деп те атайды.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық шенеуніктер Украинаға заңсыз оқ-дәрі сатты деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты