Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Трамппен кездесіп, Украинаға көрсетілетін экономикалық көмекті талқыламақ

Зеленский Трамппен кездесіп, Украинаға көрсетілетін эконоикалық көмекті талқыламақФото: Aleksandr Gusev/Keystone Press/Photo/NPR

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге Флоридаға келді. Алайда кездесу екі сағатқа жылжытыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кездесуден бұрын Зеленский  бейбіт келісім аясында қауіпсіздік кепілдіктері мен олардың мерзімдері тақылайтын басты тақырыптардың бірі екенін айтып қалды. Сонымен қатар күн тәртібінде Украинаны қалпына келтіру үшін берілетін экономикалық көмек мәселесі де барын атап өтті. Президенттің бағалауынша, соғыстан кейін елді қалпына келтіру үшін 700–800 миллиард доллар қажет. 

Трамппен кездеспес бұрын Зеленский Канадаға барып, онда премьер-министр Марк Карнимен жүздесіп, сондай-ақ Еуропа елдерінің жетекшілерімен сөйлесті.

“Әңгіме барысында дипломатиялық жолмен қалай жүріп жатқанымызды талқыладық. Ең маңызды басымдықтарды қарастырдық. Украина барлық қолдауды бағалайды. Ертең президент Трамппен кездесуден кейін әңгімені жалғастырамыз”, – деп жазды Зеленский өзінің Telegram арнасында.

Ол Украинаға “тылда да, дипломатияда да мықты позициялар қажет екенін” атап өтті және Канада мен Еуропа елдеріне қолдау көрсткені үшін алғыс айтты. Карни Украинаға қосымша экономикалық көмек ретінде 2,5 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді.

“Трамппен кездесу ашық форматта өтеді және бұл Украина мен АҚШ тараптары арасындағы келіссөздердегі прогресті растайды”, – деді Зеленский.

Алайда Ақ үй Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің жексенбідегі кездесуі екі сағатқа жылжытылғанын хаьарлады. Мәскеу уақытымен 23:00-ден 21:00-ге ауыстырылды. Кездесу Флорида штатының Палм-Бич қаласында өтеді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 28 Желтоқсан, 2025 12:45