Зеленский Тегеранның Украинаға жасаған ескертуіне жауап берді

Украина президенті Владимир Зеленский украиналықтар Иран тарапынан Украинаға бағытталған қоқан-лоқыдан қорықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Тегеранның Украина Израильді қолдады деген сылтаумен болуы мүмкін соққылар туралы мәлімдемелеріне пікір білдірді.
Владимир Зеленский Украинаға бағытталған қауіп-қатерлер елдің ұстанымына әсер етпейтінін айтты. Ол украиналықтардың соғыс жылдарында түрлі қиын сынақтарға үйреніп қалғанын атап өтті.
“Тыңдаңыздар, өзгерген түгі жоқ. Мен соңғы төрт жылда түрлі хабарламаларды көп естідім. Біз мұндай хабарламалардан қорықпаймыз. Біз соңғы төрт жыл бойы, тіпті негізінен 12 жыл бойы осындай жағдайда өмір сүріп келеміз. Сондықтан бұл біз үшін жаңалық емес”, – деді Украина президенті Владимир Зеленский i24news арнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи Зеленскийдің Таяу Шығысқа әскер жіберу арқылы елді Иранмен қақтығысқа тарту әрекеттері Киев үшін халықаралық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескерткен еді.
“Украинаның мәселесі және украин халқы тірелген тығырық мұндай әдістермен және өзге қақтығыстарға араласу әрекеттерімен шешілмейді. Егер Украина Иранға қарсы әрекеттерге қатысса, бұл оны агрессор елдердің жағында тұр дегенді білдіреді. Ал мұндай қадамдар үшін Украина халықаралық деңгейде жауап беруге мәжбүр болады”, – деп мәлімдеді ол.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев