Зеленский Путиннің шақыруынан бас тартып, оған Киевке келуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің Мәскеуде бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленский Ресей президенті Путинге Украинаға келуді ұсынды.
"Ол Киевке келсе болады. Қазір соғыс болып жатқанда, Киевтен Мәскеуге бару орынсыз әрі қолайсыз. Егер мен де оған Киевке міндетті түрде келсін десем, ол да орынсыз болар еді", – деді Украина президенті.
Зеленскийдің пікірінше, Путин мұндай ұсынысты кездесуді кейінге шегеру үшін жасаған.
Украина президенті ел күн сайын ракеталық соққыларға және шабуылдарға ұшырап жатқанда Мәскеуге бара алмайтынын айтты. Сондай-ақ Путиннің мұны "түсінетінін" жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзі, Путин және Зеленский арасында үшжақты кездесу өтетінін айтқан еді. Алайде Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесу өткізетініне күмән келтірген.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік