Жауынгер Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы тағы да ел күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонова экс-жұбайы жетістікке жету жолында екеуі бірге қандай қиындықтарды бастан өткізгені туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлайым Рахмонованың айтуынша, Шавкат Рахмонов жетістікке жеткенге дейінгі өмірі қарапайым тұрмыстың ауыртпалығы мен күрделі жаттығулар, жарақаттар, ерте тұру және армандарға жету жолындағы үздіксіз күрескен. Сондай-ақ бір кезеңде Шавкаттың айлығы небәрі 120 мың теңге болған, бір жарақат алған соң олар ауруханадан үйге деін қарға батып үйлеріне зорға жеткенін айтты.
Қиындықтарға қарамастан, олар армандарынан бас тартпаған: отбасының басты мақсаты – UFC-де өнер көрсету болды. Гүлайым Рахмонованың айтуынша, олар "күніне үш жаттығу" режимінде өмір сүрген. Бірге қазақ тілін үйренген, болашақта қолтаңба беруге дайындалып, үлкен мансапты нөлден бастап бірге құрып келген.
Алайда қазіргі таңда, Гүлайымның ойынша, бұрынғы жұбайының жетістікке жету жолында өзіеің еңбегі ескерусіз қалғанына қынжылатынын айтты.
"Біздің ешқашан бос уақытымыз болған емес. Содан кейін біздің тұңғышымыз дүниеге келді. Шавкат әсіресе үлкен қызымызды қатты жақсы көреді. Үй, спорт, отбасы – бұның бәрі үлкен жолдың бір бөлігі болды және дәл осы қажырлы еңбектің арқасында ол жақындарын қамтамасыз етіп, бүкіл ел білетін адамға айналды. Кейде бәрін уақыт өте келе ұмытып, қайта еске алмауға бола ма деп ойлаймын. Сол кезде мен оның туыстары үшін жақсы келін, жақсы жар болдым, ал қазір сол адамдар мен туралы түрлі сөздер айтып, Шавкатты маған қарсы қоюға, мені жаман жағынан көрсетуге бар күшін салып жатыр. Мен өкінбеймін. Бір ғана ой бар – "әттеген-ай, сол кездер оралса". Мен көз жасымды төгіп, өзімді жақсы адам ретінде әрі қайғы мұңға батып жатқанымды көрсетуге тырысатындардың қатарында емеспін. Бірақ осы жылдардағы менің үлесім де өте зор болды және оны ешкімнің бағаламауына жол бермеймін. Уақыты келгенде әркім өз ісіне жауап береді", – деп жазды Рахмонова.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді. Сонымен қатар 27 наурыз күні сот Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады. Аталған іс екі адамның өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қозғалған.
Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда жаза 5 жылға кейінге шегерілді.
Гүлайым Рахмонова 2025 жылы шілде айында жол көлік оқиғасына байланысты бас дауға қалып, қоғамда шу болған еді. Гүлайым Рахмонова тізгіндеген көлік аварияға ұшырап, 2 адам қаза тапқан.
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты