Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зауыт құрылысын бастады": Баян Алагөзова жолдасының жаңалығын бөлісті

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтің тағы да қандай кәсіп бастайын деп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Айта кетейік, Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын 12 миллиард теңгеге сатып алғанын айтқан еді.  

“Менің күйеуім Шымкент сыра зауытын толығымен жаңғыртып жатыр. Ал тағы бір зауыттың құрылысы Алматыда жүріп жатыр. Онда алкогольсіз сусындар шығарылады. Осының барлығы бір мезетте іске асырылып жатыр. Менің жолдасым – талантты кәсіпкер", – деп жазды Баян Алагөзова.



Бұған дейін кәсіпкердің әкесі Тұрым Алагөзов шымкенттіктерді жұмыс істеуге үндеген еді. 

“Соңғы кезде теледидардан да, әлеуметтік желіден де менің ұлымның атақты сыра зауытын сатып алғанын жарыса жазды. Кәсіп иесінің жеке табысы да біраз талқыға түсті. Оның бәрі рас. Ұлым зауыттың иесі болды. Бірақ қандай зауыт дерсің?! Кезінде Кеңес одағы үшін маңызға ие өнеркәсіптің бүгінде хәлі мүшкіл. Зауытты жемқорлардың кесірінен қайта салуға тура келіп тұр. Аяусыз қанау, ұрлықтың салдарынан толығымен қайта құруға мұқтаж”, – деп жазған еді дирижер. 

Талқылау