Қуаттағыштың сымымен ұрған: 20 жастағы жігіт төрт жасар өгей қызын қатыгездікпен азаптаған
Красноярскіде төрт жасар өгей қызын қатыгездікпен азаптаған жиырма жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды. Тергеу комитеті хабарлағандай, жас жігіт баланы белбеуімен ұрып, қуаттағыш құрылғының сымымен сабаған.
Бұл туралы life.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бүлдіршінге күн көрсетпей, аяусыз соққыға алған 20 жастағы азаматтың үстінен «азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал өгей әкеден қорлық көріп, зардап шеккен қыз бен оның 6 жастағы әпкесі отбасынан шығарылды.
Талқылау