"Зардап шеккендер бар": Қырғызстанда тікұшақ апатқа ұшырады
Қырғызстанда әуе қорғанысы күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "24.kg" басылымына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Алай аймағында болған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің тікұшағы Тәжікстанмен шекаралас аймаққа бағыт алғаны көрсетілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта апаттан төрт адам зардап шеккен.
"Бортта 15 адам болған. Қазіргі уақытта тек төрт адам зардап шеккен, оларға көмек көрсетіліп жатыр", – дейді ақпарат көздері.
Қорғаныс министрлігінің баспасөзі ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар