Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда әскери тікұшақ құлап, 11 адам көз жұмды

Түркияда болған әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 11 әскери көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости порталына сілтеме жасап. 

вертолет

Көз жұмғандардың арасында Түркия генералы Осман Эрбаш та бар. Басылымы мәліметінше, түкұшақпен байланыс жарты сағаттан кейін үзіліп кеткен. Әскерилерді табуға ұшақ, тікұшақ және ұшқызсыз ұшу аппараттары жұмылыдырылған. Нәтижесінде, әскери тікұшақтың апатқа ұшырағаны анықталыпты. Алғашында тоғыз адам көз жұмып, төрт адам жарақат алғаны айтылған. Кейіннен опат болғандардың саны 11-ге дейін өскен.  

Қазіргі таңда апат себептері анықталуда. Алдын ала деректер бойынша тікұшақтың құлауына техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін.

Қайғылы оқиғаға орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Түркияның шығысындағы Бингёль аймағында апатқа ұшыраған "Кугар" әскери тікұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағаладан қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр