Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған қазақстандық блогер сотталды
Түркістан облысында заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кентау қалалық соты лоторея ойынын ұйымдастырған азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Соттың мәліметінше, жергілікті тұрғын 2024 жылдың маусым айында "TikTok" әлеуметтік желісі арқылы арнайы билеттерді сату арқылы автокөліктің ұтыс ойынын өткізген. Билеттерді сату "Kaspi.kz" банк қосымшасы арқылы ақша аударымдары арқылы жүзеге асырылған.
Сот ұтыс ойынын ұйымдастырған азаматты кінәлі деп тапты.
“Сот қаулысымен азамат Н әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Төреғали Төреәлінің заңсыз лотерея ойнататын блогерлерге қарсы шыққаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды