Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңды неке болмаған": Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс жұбайы оқырмандарымен сырласты

Екі баласымен ажырасып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, интим-тренер Фариза Алмазқызы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Блогер келіншек экс жұбайының алименті мен мүлікке қатысты сұрақты жауапсыз қалдырмады. “Нұрсұлтанның үйі бөліске түсті ме?” деген сұраққа да жауап берді.

“Бізде заңды неке болмаған. Мұсылманша үш рет талақ айтылды. Тіпті 10 рет айтқан шығар?! Ол ай сайын алимент төлеп отырғанын күшті көмектесіп жатырмын” деп ойлайды. Бірақ Айсұлтанның түзету орталығының ақшасы – 300 мың. Хамзанікі – 150 мың. Алимент – 127 мың теңге. Барға қанағат, жоққа сабыр деп жүрміз”, – деп жазды блогер келіншек. 



Сонымен қатар баласы үшін бәріне дайын аналар туралы да сыр шертті. 

“Балаларым үшін бәріне дайынмын. Әрбір ана баласы үшін тау қопаруға дайын. Менің күшім солардың болашағы, бақыты мен амандығы. Балаларымның күлкісі мен үшін шабыт. Қанша қиындық болса да, өзіме деген сенімім мен аналық махаббатым бәрінен күшті. Ана болу – қамқорлық емес, өмірлік миссия”, – деген ой тастады блогер. 

Еске салайық, "Әйелім интим тренер екенін білгенде, шок болдым!" деп Нұрсұлтан Жақсыген экс әйелінің жұмысын ұнатпағанын жасырмаған еді. 

Талқылау