Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Заң жүзінде рұқсат етілген”: Басы дауға қалған Жанәбіловтардың адвокаты мәлімдеме жасады

“Заң жүзінде рұқсат етілген”: Басы дауға қалған Жанәбіловтардың адвокаты мәлімдеме жасады
Видеодан скрин

Көлік ұтысына қатысты бастары дауға қалған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың адвокаты Олег Чернов бұл заң жүзінде рұқсат етілген онлайн-курсты сату жолы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Курсив" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокат блогерлер өз позицияларын сотта қорғауға дайын екенін айтты. Сот отырысы ашық түрде өтеді деп күтілуде. Олег Чернов министрліктің тексерістері біржақты жүргізіліп отырғанына таңғалғанын білдірді.

"Әлеуметтік желілерде басқа ірі блогерлер мен компаниялар да тауар мен қызметті сату мақсатында сыйлық лотереяларын жарнамалайды, алайда біз ондай қызу тексеріс байқамадық. Мұндай оннан астам мысал бар. Мен олардың қызметін заңсыз деп айтпас едім", – деді ол.

Оның сөзінше Жанәбіловтар онлайн-курстарын сатқан. Оған қосымша қызметтерін насихаттау мақсатында әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы сыйлықтар туралы ақпарат таратқан. Курсты сатып алған әрбір адам конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады.

Блогерлерге автомобиль сыйлықтары бар лотерея ұйымдастырған деген айып тағылған еді. Адвокат салаға қатысты заңға жүгінуді ұсынды.

"Лотерея және лотереялық қызмет туралы" заң бойынша, лотерея – оператор сыйлықтарды ұсынатын ойын. Қатысушы жеңімпаз деп танылған жағдайда ғана сыйлыққа ие болады. Ал компаниялар тауар немесе қызмет сатуды ынталандыру мақсатында өткізетін сыйлық лотереялары лотереяға жатпайды. Сыйлық лотереялары өз қызметтерін сатуды ынталандыру мақсатында өткізілді. Бұл ұзақ уақыттан бері қолданылып келе жатқан тәжірибе. Балалық шағымызда газдалған сусындарды 3–4 бөтелке сатып алып, оны ішу үшін емес, қақпағын ашып, қандай сыйлық шыққанын көру үшін істейтінбіз", – деді Олег Чернов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ірі компаниялар мен блогерлер жиі сыйлық лотереяларын ұйымдастырады. Көбінесе бұл сату көлемін арттыру және тұтынушыны тарту мақсатында жасалады.

Олег Чернов түсіндіргендей, Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова тек заң аясында ғана ұтыс ұйымдастырған. Заң қызметін насихаттау мақсатында сыйлық лотереяларын ұйымдастыруға рұқсат берсе, онда Жкнәбіловтар заң бұзбаған.

"Конкурстарға қатысушылар сыйлықтарын алады, адамдар лотереяның ашық әрі шынайы өтетінін көреді, төленген курстар адамдарға қолжетімді болады. Іс кез келген жағдайда сотта қаралады, себебі біз әкімшілік құқық бұзушылық туралы айыппен келіспедік. Егер сот оларды кінәлі деп танитын болса, әрине, айыппұл төлейді. Алайда менің ойымша, сот оларды кінәлі деп танымайды. Себебі сот шешім қабылдағанда тек заңға сүйенуі тиіс, болжамға немесе қоғамдық резонансқа емес", – деді адвокат.

Чернов процесс ашық өтетінін атап өтті. Ол жеке болжам мен ойдан қорытынды шығармауға кеңес берді.

"Бұл оқиғада маған мемлекеттік органның ұстанымы ұнамады. Қалыптасқан резонанс кезінде мемлекеттік орган тексеру жүргізіп, шешім қабылдауы қажет. Ал бұл жағдайда олар сайтында және жеке жаңалықтарында ашық ақпарат жариялады. Мұндайды алғаш рет көріп тұрмын. Ондай болса, бәрін жарияласын, біздің елде бәрі заң алдында тең", — деді Чернов.

Еске салайық, күні кеше ғана блогер Ерболат Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазғанедік. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды.

Артынша, туризм және спорт министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 20:31
Талқылау