Қыз зорлаған әншіні адам зорлау ісімен күрес жөніндегі басты маман етіп сайлаған
БҰҰ-ның сарапшылары адам құқығын қорғау ісі бойынша оған дейін қыз зорлаған әнші Клиффорд Димбаны адам зорлау оқиғасы жөніндегі арнайы қызметке тағайындаған Замбия билігінің шешіміне қарсы шықты.
Сурет: Mwebantu New Media
Бұл туралы The Independent хабарлайды.
Замбияда Генерал Канене есімімен танымал әнші Клиффорд Димба гендерлі және адам зорлау оқиғасы жөніндегі арнайы қызметке тағайындалған болатын.
Ол 2014 жылы 14 жастағы қызды зорлап, 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда Замбия президенті Эдгар Лунгу оға рақымшылық танытып, 1 жылдан соң босатқан. Әншінің тағы екі рет қыз зорлау ісіне қатысы болған.
«Бұлай рақымшылық таныту және гендерлі және адам зорлау оқиғасы жөніндегі арнайы қызметке тағайындау арқылы жәбірленушілерге зиян тигізіп қана қоймай, олардың болған оқиға жайлы айтқысы келмйтін жағдайға жеткізеді», – деді қыз зорлау ісі жөніндегі БҰҰ арнайы маманы Дубравка Шимонович (Dubravka Šimonović).
Бұған қатысты Замбия билігінің баспасөз қызметі Anadolu агенттігіне әншіні босату ісі толықтай заңға сәйкес келгенін хабарлады.
Замбия президенті Чишимба Камбвили Димбаның саяси қудаланбағанын және ол сотталғандарың ішіндегі рақымшылық көрсетілген бірден бір азамат екенін айтты.