Замбия саябағында піл селфи жасамақ болған екі туристі таптап кетті
Замбия саябақтарының бірінде піл өзіне жақындап суретке түспек болған екі туристі таптап кетті. Аталған туристер Бельгия және Нидерланды елдерінен келген екен.
Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.
Туристер өткен сенбі күні Ливингстон қаласындағы Виктория сарқырамасына жақын Maramba River Lodge сафариінде қайтыс болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көптеген жарақаты бар екі адамның денесін тапқан.
“Бельгиялық турист 57, ал голландиялық турист 64 жаста. Олар пілмен бірге селфи жасамақшы болған екен”, – дейді полиция ресми өкілі Дэни Мвале.
Жіберіп алмаңыз:
Сырт келбетіңіздің заманауи сәнге сай келмейтінін білдіретін 13 белгі
Фейсбук қолданушының суреттерін «тірілтпекші»
Өлім аузында жатып сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіттің диагнозы қате болып шыққан
Талқылау