“Заман” тобының әншісі қызды болды (фото)
Заман тобының әншісі Әсет Қарабалин қызды болды. Әншінің қызының есімін ата-әжесі Раяна деп қойды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші Әсет Қарабалин 2015 жылдың 21 қазанында Ақбидай есімді аруға үйленген. Жастардың үйлену тойы Атырау қаласының “Родем” мейрамханасында өткен болатын. Олардың қуанышын бөлісуге Мейрамбек Беспаев, Ұлықпан Жолдасов, Ғаділбек Жанай, Сәкен Майғазиев, Фарида Жолдасова сынды танымал жұлдыздар келген.
Бүгін де әншінің отбасындағы қуанышты бөлісуге өнер мен өмірдегі барша достары келді.
“Ассалаумағалейкум! Оразаларыңызды ашып, көңіл-күйлеріңіз көтеріліп отырған жандардың астары дәмді болсын! Кешеден бері айтылып, жазылып жатқан ақ тілектеріңізге рахмет айтамыз! Анасы мен қызымның жағдайы жақсы! Шексіз алғыс сіздерге! Рамазан айында тілеген тілектеріңіз орындалсын! Жұғысты болсын сіздерге”, – деп Әсет Қарабалин қойнына сыймаған қуанышымен бөлісті.
Қыздарының есімін атасы мен әжесі Рамазан айында дүниеге келгендіктен Раяна деп қойған екен. Бұл есім “Жәнаттың есігі” деген мағынаны білдіреді. Мұнымен қатар, қыздарының кіндік әкесі мен шешесі болу мәртебесі “Арай” тобындағы Медет Көжеков пен жұбайына бұйырды.