Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зағип суретші өз ойынан ерекше картиналар салып шығып күллі әлемді таңғалдырды (фото)

Суретші Джон Брамблитт ерекше әдемі, ашық түсті суреттер салады. Бір қарағанда басқа суретшілердің туындыларынан ерекшелігі жоқ болуы мүмкін.

f34twjmh19oafawuxiy8

Бірақ, оның бар ерекшелігі Джонның соқыр бола тұра, керемет туындыларды қылқаламмен бейнелеп шыға алуында болып тұр.

flt0ixiqjkwpaip3p7ds

Джон 16 жасынан бері көру қабілетінен айырылған. Бірақ, өзінің ерік-жігерінің арқасында ол сүйікті ісімен айналысуды әрі қарай жалғастыра түсіпті.

mevzdxy7g76zutlqr1x0

Ол қазір шығармашылықпен белсене айналысады. Ал оның картиналары қолдан-қолға өтіп, әлем бойынша ерекше танымалдылыққа ие болуда.

nkszzswvyetlattgdd46

Сурет өнерін жақсы көрген Джон Дентондағы Солтүстік Техас университетін аяқтап, сурет өнері бойынша ұстаз болуға ден қояды. Алайда 2001 жылы кезекті рет талмасы ұстаған Джон көру қабілетінен айырылады.

khgluyex4tfqssbavqzj

Ол осы кезде енді ешқашан сурет сала алмаймын деп ойлаған.

qkotqyahrzmfo6ykts6g

Джон бір жыл бойы күйзелісте болады. Ол сипап сезу арқылы тактильді көруге қол жеткізгенше күйзелістен арыла алмайды. Суретшінің барлық бояулары Брайл шрифті (көре алмайтын адамдарға арналған шрифт) арқылы жасалған.

sv6bdxfoadh5bbrfi4sj

Бояу салынған түтіктер мен бөтелкелер Брайл шрифтімен жазылған. Түстерді араластырып, рецептураны пайдалану үшін әр түстің түрлі бөлігін салыстырып өлшейді.

zbly8ilxr9qlwnkblgel

“Мен өзімнің алғашқы көрмемде адамдарға зағип екенімді айтпадым. Бұл ұялғанымнан емес. Тек олардың қабылдау сезімдеріне кері әсер етіп аламын ба деп қорықтым”, – дейді суретші.

b4yynpwrjeab8tw6wxy7

Қазір автор түрлі семинарлар мен дәрістерге жиі барады. Ол жерде ол адамның мүмкіндіктерін ашып, пайдалану жолында физикалық шектеулер кедергі бола алмайды дегенді жиі айтады.

Оқи отырыңыз:

Көмірдей қара қыз ерекше келбетімен ғаламторда жұлдызға айналды (фото)

Әлемдегі ең қара нәсілді атақты модель (фото)

Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)

Әкесі ұлымен 26 жыл бойы бір қалыпта суретке түсіп отырған (фото)

Талқылау