Ұзақ өмір сүрудің тағы бір құпиясы ашылды
Фото: nypost.com
Тіс күтіміне мұқият қарап, ауыз қуысы ауруларын дер кезінде емдеу адамның денсаулығын сақтап, өмірін ұзартуға көмектеседі. Мұны дәрігер-стоматолог Джонатан Б. Левин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, тістердің жағдайы қан қысымына, холестерин деңгейіне, деменция, қант диабеті және жүрек ауруларының дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар ауыз қуысында тіршілік ететін бактериялар артрит, өкпе қабынуы және қатерлі ісіктің кейбір түрлерімен де байланысты.
Мысалы, ауыз қуысындағы созылмалы қабынудың ең жиі себептерінің бірі саналатын P. gingivalis бактериясы ішекке, миға, ұйқы артериясына және басқа да ағзаларға өтуі мүмкін.
“Ұзақ өмір сүру саласын зерттейтін мамандар әдетте төрт негізгі тіректі атайды: дұрыс ұйқы, теңгерімді тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және саналы өмір сүру. Ал мен бұған тағы бір, бесінші маңызды факторды қосар едім. Ол ауыз қуысының саулығы”, – деді стоматолог.
Айта кетейік, бұған дейін Дәрігерлер ұзақ өмір сүруге әсер ететін маңызды факторды атаған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты