Ұйқы бойынша сарапшы тез әрі жақсы ұйықтағысы келетіндерге бірнеше кеңес берді
Ұйқының бұзылуымен күресу туралы кітап жазған америкалық невропатолог Крис Уинтер тез әрі жақсы ұйықтағысы келетіндерге бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшы ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарға жатын бөлмесіндегі температураны бірнеше градусқа төмендетуді ұсынды. Оның айтуынша, салқындық тез және ұзақ ұйықтауға көмектеседі.
"Жақсы матрац, жұмсақ жастық, жоғары технологиялық пижама сатып алсаң, ұйқының кез келген проблемасын шешуге болады деген кең таралған пікір бар. Бірақ шын мәнінде олай емес", - дейді Уинтер.
Ол ұйқыны жақсартудың бірнеше әдісі туралы айтады: жаттығу, алкогольді азайту, медитация.
Сонымен қатар, әрдайым бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұру керек.
"Ұйқының тұрақты кестесі миға ұйқы уақыты келгенін түсінуге көмектеседі", — деді сарапшы.
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бойжеткен шетелдікті бейтаныс тойға апарып тегін тамақтанып, көңіл көтерген
Бойжеткен: "Олар тамақ көп үстелге екі рет ауысып, дөрекілік танытқан, кейін билеп көңіл көтерген"
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге бопсалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған
