"Ұйықтатпағанының арқасында екі жылда 2 бала": Ерке Есмаханның әзілі қазақстандықтарға жақпай қалды

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасы үшін сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жолдасы мен екі ұлының суретін бөліскен. Суретке:
“Мені ұйықтатпағанының арқасында екі жылда екі бала құшағында”, – деп жазған ол.

Әншінің бұл жазбасы желі қолданушылары жақтыра қоймаған сыңайлы. Олар Ерке Есмаханның суретін скриншоттап, Threads желісінде арнайы жазба жариялап жатыр.
“Осы апама ешкім көңіл бөлмейтін сияқты”, “Кейде шынымен қуып кетеді”, “Еркенің осындай қылықтарына Раймының өзі де күлетін шығар”, “Ерке, мағынасыз сөздері арқылы тек күйеуін ұятқа қалдырып отыр”, – деп жазды олар.
Кейбір қолданушылар өнер иесі өзін үнемі жас қыздармен бәсекелесетінін алға тартты.
“Ол қырық жасында да бәріне өзін әлі де “уау” екенін, тіпті жас қыздармен де бәсекелесе алатынын дәлелдеуге тырысып жүреді. Бірақ шын мәнінде адамдарға бәрібір. Ол жас әрі табысты жігітке тұрмысқа шықты, одан бала сүйді. Енді басқалардың пікіріне мән бермей, жас көрінуге тырыспай, себебі қартаю табиғи процесс, жай ғана тыныш әрі бақытты өмір сүретін уақыты келді”, – деп жазған ол.
Тағы бір қолданушылар өнер иесінің 40 жасқа толса да, ақыл тоқтатпағанын жазған.
“40 жаста болса да, ұяттан жұрдай екен. Жасөспірімнің анасы, имамның қарындасы, бір үйдің келіні. Бірақ бар әңгімесі төсек”, “15 жастағы кыздан бетер болды ма, не болды бұл?”, “Сұмдық, осындай әңгімеге дейін түсіп кетті ме?”, “40 жаста болса, ақыл тоқтатты деген сөз емес”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Ерке Есмахан тұңғышының жетістігін бөліскені хабарланған еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді