Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұйғырлардың құқығы қорғалып, еркіндік беріледі": Желі қолданушылары қытайлық DeepSeek жасанды интеллект қосымшасын цензура үшін сынады

Әлеуметтік желі қолданушылары Қытайдың DeepSeek нейрон желісін цензура үшін сынға алды. Чатбот Шыңжаңдағы ұйғырларды қайта тәрбиелеу лагерлері, мұсылмандарды қудалау немесе Тайваньның тәуелсіздік қозғалысы туралы өтірік, оғаш жауап берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mobileworldlive.com

DeepSeek қосымшасы – Chatgpt-тің қытайлық бәсекелесі. Ол қысқа уақыт тегін қол жетімділігі үшін пайдаланушылардың сүйіспеншілігіне ие болған. Сонымен қатар әлемдегі акциялар құнын төмендетті.

Дегенмен әлеуметтік желілерде пайдаланушылар DeepSeek-тің Қытай үкіметінің мүдделерін қорғап, ыңғайсыз сұрақтарға цензураға толы жауап беретінін байқаған. 

Мәселен “қытайлық тарап ұйғыр автономиясына қысым жасай ма” деген сұраққа DeepSeek қосымшасы мүлде басқаша жауап берген. Мұнда ол Қытайдың ұйғыр автономиясының өсіп-өркендеуіне үлес қосатынын, бұл ұлтқа еш қысым көрсетпей, құқығын қорғайтынын жазған.

Фото: Stan.kz 

Ал дәл осы сауалға Chatgpt мүлде басқаша жауап берді. Мұнда бір топ мұсылман жұрты мен Синцзяньдағы ұйғыр автономиясы Қытай үкіметін адам құқығын бұзғаны үшін айыптағаны көрсетілген. Атап айтқанда ұйғырлар мен мұслымандарды қайта тәрбиелейтін лагерлер барын, адамдардың бала тууына шектеу қойып, күштеп аборт жасау жағдайлары және тағы басқа да қысымдар туралы айтылған. 



Қолданба желіде жұрттың қызу талқысы мен сынына ұшырап жатыр. 

20 қаңтарда DeepSeek компаниясы ашық кодты R1 жасанды интеллект моделін шығарды. Оны құруға екі ай ғана уақыт пен 6 миллион доллардан аз қаражат кеткен.

Талқылау