Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұят": Абай Бегей мен әйелінің құдалықта көрпеде аунаған видеосы көптің талқысына түсті

Әнші Абай Бегей күні кеше ұлын үйлендіріп, дүбірлі той өткізіп, құдалық жасады. Шымкентпен құда болған өнер иесі оңтүстіктің салт-дәстүрін көріп, таңғалысын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Құдалықта қыз жақ жасау алып келіп, жүк көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасады. Әншінің өзі де “Мұндай да бар екен ғой” деп таңғалысын жасырмады.

“Құдалық, жүк көрсету. Басқа қаладан қыз алғанның өз қызықтары бар екен, Маңғыстауда жоқ салттарды көріп қызықтап жүрміз. Барынша екі жаққа ортақ қылып жасадық. Төрт күн қатарынан көріп, құдалармен туысқандығымызға бүгін мөр қойылып жатыр. Шымкент Алматы арасында алтын көпір салынды, тек осындай жақсы күндерде жолығайық. Құда-құдағиымызға риза болдық, неше күннен бері түрлі сый-сияпат, гауһар тас, шапандарын жаудырып жатыр. Жастар бақытты болсын”, – деп жазды әншінің қызы.

Алайда құда-құдағидың көпшіліктің алдында көрпеде аунап жатқан желі қолданушыларына ерсі көрінді.

“Шымкенттің осы дәстүрі бір түрлі”, “Жастардың төсегіне бөтен адам жатуға болмайды”, “Осы тіпті ұят”, “Ерсі көрінеді”, “Бұл қайдан шыққан ырым”, “Осы енді дұрыс емес- ау”, – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің ұлы тойында анасына жазған хатын оқып көпшіліктің көңілін босатты. Әншінің қыздары да келінін барын салып қарсы алып, жас жұбайлардың бөлмесін дайындады.

Талқылау