Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО өкілдері қазақтың қымызмұрындық жоралғысына тәнті болды

Қазақтың мәдени мұраларын іздеген ЮНЕСКО өкілдері Арқа даласын кезіп жүр. Осы жолы Қарағанды облысындағы Терісаққан ауылына жеткен меймандар Қымызмұрындық жоралғысын өз көздерімен көрді, – деп хабарлайды КТК арнасыный сайты.

Безымянный

Сурет: anabol.kz 

Жылқы мінезді халқымызды зерттеп жүрген ғалымдар бие байлап, үйір бөлу дәстүрі қазаққа ғана тән деген байлам жасады.

Қазақта жылқының түр-түсін анықтайтын 390 сөз бар екен. Аттың басының бөлшектерінің өзіне ата-бабамыз 90 атау беріпті. Осы және көптеген дәйектерге сүйеніп, дүниежүзіндегі жылқы атаулы қазақ жерінен шыққанына ғалымдардың көзі әбден жеткен. Мәдени құндылықты ресми түрде бекіту мақсатында ЮНЕСКО өкілдері жылқымен байланысты салт-дәстүрмен танысты. Көк шыға, желі тартып, құлын байлау, үйірге тұяғы іліккен жас малға ен салу мен саумал ішу мерекесі қазақта ғана бар дейді олар. Сондықтан жиналған деректер арқылы Қымызмұрындық қазақтың ұлттық мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның келесі тізіміне тіркелмекші.

“Дәстүріміздегі осы элементтің сақталғанына балаша қуандым. Көгі кеш шығатын Терісаққан ауылында бұл Наурыз мерекесі іспетті ел болып тойланады екен. Осы күнге дейін қазақтың киіз үй, айтыс, асық ату сияқты  47 мәдени мұрасы тізімге тіркелді. Енді осы жоралғыға да ешкімнің таласы тумайтындай етеміз, – дейді ҚР ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы комитет төрайымы Ханзада Есенова.

Талқылау