Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас жүлде – Tesla автокөлігі: “Игі істер үшін миллион ұтып ал” науқанының алғашқы жеңімпаздары миллионер атанды

Jusan Bank-тің “Игі істер үшін миллион ұтып ал” акциясының алғашқы жеңімпаздары анықталды. Күнделікті қарапайым іс орындап жүрген Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Қарағанды және Жамбыл облыстарының тұрғындары миллион теңгеден иеленді. Алда науқан аясында 20 игі іс жасаған клиенттер басты жүлде – Tesla автокөлігінің ұтысында бақ сынайды. 

Ақшалай жүлде үлкен тосынсый болды деген 28 жастағы Данияр Жұматай Алматыда жеткізу қызметінде жұмыс атқарады. Банк қосымшасындағы қызықты тапсырмалар мұндай сәттілікке әкеледі деп ойламаған ол бұл қаражаттың өзіне үлкен көмек болған қуанышпен айтады.

“Өзім Тараз қаласының тумасымын, Алматыда жұмыс атқарамын. Олжалы болғаным туралы қуанышты жаңалықты тараздық менеджерлер хабарласып айтты. Шыны керек, бұрын мұндай акцияларға қатысып жеңіп көрмегендіктен, алғашында сене қоймадым. Дегенмен расымен де миллион теңге иегерлерінің бірі атанған екенмін”, - деп ағынан жарылды ол. 

Данияр осы уақытқа дейін таксиге, дүкендерге, басқа клиентке қаражат аудару және осыған ұқсас істерді орындау арқылы 8 жұлдыз жинаған. Тіптісәті түсіп, науқан аясында досына пойызға билет те алып берген. 

“Дәл осы уақытта досым Таразға келуді жоспарлап жүрген еді. Қосымшадағы тапсырмаларды орындап жүріп, оған билет алып беріп, бір қуанттым. Енді міне, сол қуаныштың өзіме еселеніп қайтқанын көріп жатырмын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, - деді Данияр Жұматай.

Жеңімпаз алғашқы кезекте қарыздарын жауып, ата-анасына демалысқа жолдама алуды жоспарлағанын айтады. Егер ақшасы артылып жатса, кәсіп ашу ниеті де бар көрінеді. 

Екінші жеңімпаз Саят Оразов та Алматы тұрғыны. 29 жастағы азаматтың сөзінше, тіпті қарбалас өмірде банк қосымшасындағы күнделікті тапсырмаларын орындау оған қиынға соқпаған. 

“Соңғы екі жылдан бері Jusan Bank клиентімін. Бірде өз шотымдағы қаражатты тексеру үшін қосымшаға кірген кезімде науқанның өтіп жатқаны туралы білдім. Маған қызық көрініп, қатысуға бел будым. Оның үстіне күнделікті қосымшадағы әрекеттерді орындау маған қиын болмады”, - деді Саят Оразов.

Саят та осы уақытқа дейін 8 тапсырма орындап, 8 жұлдызшаға ие болған. Соңғы рет ол киноға билет алып, қарындасына тарту еткен. 

“Өзім сол күні жұмыстан босамағандықтан фильмге алған билеттерді қарындасыма сыйладым. Жұмыспен шауып жүріп, ұтыс жайлы ұмытып та кетіппін. Қуанышты хабарды банк қызметкерлерінен естіп, ұтысымды алуға келіп тұрған жайым бар”, – деген жеңімпаз ұтыс қаражатын отбасымен ойланып, жұмсайтынын атап өтті. 

Jusan Bank өкілдері қазақстандықтардың науқанға белсенді қатысып жүргенін тілге тиек етті. Әсіресе науқанның екінші аптасында тапсырма орындаушылардың саны еселеп өскен. 

“Науқан аясында  20 тапсырма орындаған клиент Tesla автокөлігінің иегері атанады. Бұл тапсырмалар күн сайын ауысып, қайталанып отыруы мүмкін. Олардың арасында кофе сатып алу, такси ақысын төлеу, ұялы телефоныңызға бірлік аудару, шоттар арасында ақша айырбастау сынды оңай тапсырмалар бар. 

Бұл акция арқылы біз қазақстандықтарды тіпті күнделікті күйбең тіршілікте көзге ілінбейтін қарапайым істі орындап жүріп, үлкен қуанышқа бөленуге болатынын көрсетпекпіз”,- деді Jusan Bank Бөлшек желілерді дамыту департаментінің директоры Әсел Нұрмағамбетова.

“Игі істер үшін миллион ұтып ал ” акциясына қалай қатысуға болады? 

Науқан 2022 жылдың 6 қарашасына дейін созылады. Оның қатысушысы атану үшін банк қосымшасын жүктеп, төлем картасын ашып, Jusan қосымшасындағы қарапайым игі істерді күнделікті орындап тұру қажет. Күн сайын тапсырмаларды қалт жібермеген клиенттер 1 миллион теңгенің ұтыс ойынына қатыса алады. Бір аптада жеті жеңімпаз миллион теңгені қанжығасына байлады. Ал 20 жақсы іс жасап, 20 жұлдызша жинағандар бас жүлде – Tesla автокөлігінің ұтысында бақ сынайды. 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Талқылау