AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұстаз өліміне аттестацияның қатысы жоқ": Білім министрі мұғалімдердің тестілеуіне қатысты сауалға жауап берді

Білім министрі Асхат Аймағанбетов Алматыдағы ұстаздарға арналған аттестациядан өту барысында қайтыс болған 49 жастағы мұғалімге қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, бұл оқиғаға аттестациялаудың қатысы жоқ және алдағы уақытта бес жылда бір болатын тестілеу жұмысы алынып тасталмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының ютуб арнасына сілтеме жасап.

Министр ұстаз өліміне аттестацияның қатысы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ бұл оқиғадан кейін қоғамдағы кейбір жұртшылықтың осы ақпаратты пайдаланып, шу шығаруға тырысқанын жеткізді.

“Біздің әріптесіміз өте мықты маман болды. Ол өз күшіне, өз біліміне толығымен сенімді болды. Ұстаз бұған дейін де сырқаттанып жүрген. Біз марқұмның отбасына, үй ішіне көңілімізді айтып, қолдау білдірдік”, – деді министр.

Сонымен қатар министр өз саласын сүйетін нағыз маманның қай кезде де сол бағытқа қатысты сауалдарға еш қысылмай жауап бере алатынына сенімді екенін жеткізді. Сондықтан аттестацияны үлкен мәселе деп қарауға келмейтінін айтады. 

“Кейде қоғам неге бізде білім сапасы төмен деп жатады. Жалақыны көтердіңіздер, неге қойылатын қатаң талап жоқ дейді. Ал сол талапты жүйеге салған кезде қарсылықтарын танытып қиындатты деген пікірлерін білдіріп жатады. Егер ұстаз өз саласын жақсы меңгермесе ол балалармен қалай жұмыс істей алады? Сондықтан талаптар болуы керек. Мықты мұғалімдер бұл тестілеуден оңай өтіп жатыр. Оған дәлел – осы қысқа мерзімнің ішінде 240 мұғалім тестілеуден сәтті өтіп, ай сайын өзінің жалақысына үстемақы алып отыр. Үстемақысы бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен. Бұндай мүмкіндіктер мықты мамандар үшін ешқандай қиындық тудырмайды”, –  деп қосты Аймағанбетов.



Министр 30 мыңға жуық ұстаздың әлі тестілеуден өтпегенін айтты.

“Барлығы біледі бес жылда бір рет ұстаздар тестілеуден өтуі керек. Тестілеуді алып тастаймыз десек, бәріне менен жақсы министрдің болмайтыны сөзсіз. Бірақ біз бәріне жақсы болып көріну үшін, біреуге ұнайтын шешімдер қабылдау үшін отырған жоқпыз. Қиын болса да, балаларымыздың, еліміздің болашағы үшін қажет шешімдер болса, оны қабылдау керек”,  –  деп қорытындылады министр. 

Еске салсақ 14 сәуір күні Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде біліктілік тестін тапсыру кезінде 49 жастағы мұғалім қайтыс болған еді. Ұстаз бұрын гипертониялық сырқатына байланысты емханада есепте тұрған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр