Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұстайтын жері қалмапты": Сәкен Майғазиевтің жаңа түскен келініне жұрт аяушылық білдірді

сәкен майғазиев Фото: Видеодан скриншот

Сәкен Майғазиевтің келіні Адияның қатты жүдеп кеткенін қызу талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәті түсірілген видео желіге тарады. Бейнежазбада жаңа түскен жас келіннің ата-анасы алдынан шыққан сәті түсірілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:

"Ұстайтын жері қалмапты ғой..." – деп таңғалады. Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен: "Салмақ қостыра алмай жүрміз..." – деп жауап береді.



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызу талқылады. 

“Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба, айта салады", “Келіні қатты жүдеп кетіпті", "жүдемей қайтсін, анандай үйде күнде қонақ күтсе", "Жүдемей қайтсін, токсикоз болса", "Сәкеннің әйелі күліп жүргенімен түсі суық", "Жүкті сияқты", – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 15:46
Талқылау