Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұстап қалуға тырысты": Димаш Құдайбергеннің құлап бара жатқан мобилографқа көмектескен сәті көпшілікті тәнті етті

 ҚР Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurasyl_bekturganov

Видеоны жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын айтты. Кадрдан камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып, құлап бара жатқанын әнші байқап, қол ұшын созғанын көруге болады. 

“Иә, барлығыңыз көргендей бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш ағаға рақмет! Алла әр кез өзіңізге жар болсын! Ал құрметті мобилограф, видеографтар жұмысымызда барынша сақ болайық”, – деп жазды мобилограф.



Сонымен қатар Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертінен кейін жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинап кеткені де ел талқысына түсті. 

"Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты. Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таңғалды. Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды”, – деп Астана әкімдігінің желідегі ресми парақшасы. 

 

Талқылау