Ыстамбұлда белгісіз біреулер 15 көлікті өртеп жіберген
Бүгін түнде белгісіз біреулер Ыстамбұлдың Шишли, Зейтүнбұрны, Кючюкчекмедже жəне Газиосманпаша аудандарының автотұрағына қойылған 15 көлікті өртеп жіберді.
Оқиға куəгерлері дереу полицияға хабарласып, өртті өз күштерімен сөндірмек болған. Алайда от-жалын ырыққа көнбей, көліктердің түгі қалмай жанып кетті. Оқиға ортасында тексеру жұмыстарын жүргізген полиция бензин толтырылған шөлмектерді тапты. Көп ұзамай Кючюкчекмедже ауданының тəртіп сақшылары бұл іске күдікті 5 адамды құрықтады. Тінту барысында Олардан 15 литр бензин, 17 бос шөлмек пен 16 дана отшашу табылған.
Талқылау